18 Август
05:19
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
8 маусым 10:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Джеки Чан қазақтың «қолында микрафоны жоқ нағыз әншісін» атады
Кеше Астанаға арнайы ат басын бұрған Джеки Чан қазақтың нағыз әншісін атады.


 
Опера әншісі Майра Мұхамедқызын нағыз әншіге теңеп, суретке түсуге өзі ниет білдіріпті. Бұл жағдайды Майра Мұхамедқызы желідегі парақшасына жазды.
 
«Жұлдызды күн! Жұрттар Джаки Чан мен фотоға түсе алмай естері шығып тұрғанда, бір қытай келіп құлағыма сыбырлап: "Чан ағасы Сізбен фотоға түссем деп ұсыныс жасап жатыр" - демесі бар ма? «Менімен?» деп аузым ашылып қалды. Содан түстік. Оның: «Бүгін қолында микрафоны жоқ нағыз әнші Сіз болдыңыз! Сол үшін Сізді қатты сыйлаймын» - дегенін естігенде құлағым, жүрегім нағыз бальзаммен сусындағандай болды»-деп жазған.
 
Майра Мұхамедқызы - 1965 жылдың 5 қыркүйегінде Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келген. Қазақтың атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі "Гранд Операда" Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі.
нравится:    7406
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии