24 Ноябрь
00:56
Астана: -9 °C
Алматы: -3 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Мәдениет
8 маусым 10:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дженнифер Лопес 2 жылға сотталып кетуі мүмкін
Америкалық әнші, актриса Дженнифер Лопес 2 жылға сотталып кетуі мүмкін. Мароккода «қоғамдық тәртіпті бұзғаны» үшін оған қарсы арыз түскен. Бұл туралы TMZ голливудтық басылым хабарлайды.



«Дженнифер Лопес 29 мамыр күні Рабаттағы халықаралық фестивальге қатысқан және оның шоуы ұлттық телеарна арқылы көрсетілген. Концерт әдеттегідей өткен: ашық көйлектер, денеге жабысып тұратын костюмдер. Қазір әншіге және оның антрепренеріне қарсы сотқа шағым түсті», - деп хабарлайды TMZ. Арызда «45 жастағы Лопес өзінің сахнадағы мәнерімен қоғамдық тәртіпті бұзды, әйел абыройын таптап, көрермендерді сыйламады», - делінген екен. Марокконың қолданыстағы заңына сәйкес ондай әрекеттер үшін 2 жылға дейін түрмеге қамалуы тиіс. «Алайда Лопес өткен жылы Мароккодағы шоуға қатысқан, олар бұған дейін ешқашан оны ұлттық телеарна арқылы берген емес», - деп атап өтті TMZ басылымы. Ал әнші болса, қазіргі уақытта Мароккодан кетіп, Лас-Вегастағы концерттеріне дайындықты бастап кетті.
 
нравится:    957
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии