|    |  
17 қараша 2018
07:26
қаз
Дженнифер Лопес - ең сымбатты дене мүсін иесі
21 мамыр, 17:32 1742
Америкалық US Weekly журналы  әнші және актриса Дженнифер Лопесты ең сымбатты дене мүсін иесі деп танып, оның суретін үстіміздегі жылдың 24 мамырында сатуға шығарылатын  жаңа нөмерінің мұқабасына басып шығарды. Ол жөнінде басылымның сайтында айтылған.

 

Сонымен бірге журнал нөмерінде 45-жастағы Лопеспен болған сұхбат жарияланған. Актриса өзінің сұхбатында сұлулық сырлары туралы айтты. «Мен салауатты өмір салтын ұстанамын және өзімді жақсы ұстап жүруге көмегін тигізетін шараларды үнемі іздеп жүремін»,- деді  Дженнифер. Журналистпен болған әңгімесінде, Лопес бос уақыты шыға қалса, жеті жасар егіз балалары Макс пен  Эммамен бірге болуға тырысатындығын жеткізген.



Ең сымбатты дене мүсін рейтингісіне 18 адам кірген, алайда олардың аттары басылым сайтында нақтыланбаған.

Дереккөзі: lenta.ru.
 
Жаңалықтар