13 Декабрь
03:56
Астана: -25 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
25 қаңтар 15:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Дженнифер Лоуренс Фидель Кастроның көңілдесін ойнайды


Sony Pictures студиясы Куба көсемі Фидель Кастроның көңілдесі туралы фильм түсірмекші. Картинада басты кейіпкер Марита Лоренцті белгілі актриса Дженнифер Лоуренс сомдайды.

Марита - круиз лайнері капитанының қызы. 19 жасында Кубаға келіп, Фидель Кастромен кездейсоқ танысады. Екеуі бірнеше ай бойы кездескеннен кейін, Куба басшысынан бала көтереді. Бірақ аборт жасауға мәжбүр болған. Осыдан кейін АҚШ-қа кетіп қалады. Осы жерде 1960 жылы Орталық барлау басқармасы оны жансыз ретінде үгіттеп, Кастроны өлтіруге бұйрық береді. Бірақ операция сәтсіз аяқталады. Лоренц кейін Венесуэла президенті Маркос Перес Хименестің де көңілдесі болды.

Марита Лоренц қазір Америкада тұрады, екі мемуар кітабын жарыққа шығарды.

"Марита" ("Marita") фильмінің қашан шығатыны әзірге белгісіз.

Дереккөзі: kinostan.kz
нравится:    860
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии