23 Август
12:18
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
1 қыркүйек 09:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Джинс шалбары әйелді ана болу бақытынын айыруы мүмкін
Джинс шалбары әлемде сұранысқа ие болып отырған киім түріне жатады. Джинсиды жас та, кәрі де киеді. Әсіресе, қыздар жағы джинсидің саудасын қыздырады. Басқасы басқа нәзік жандыларға джинси тән емес. Жаны нәзіктерге арналып тігілген джинсидың (жалпы шалбарлардың) барлығы тар тігіледі. «Джинсы на бедрах» деген азғыру саясатының жүріп жатқанын бірі білсе, бірі білмейді. Бес күнде тарап, он күнде бұрымын өрген қазақтың қыздарына джинсы шалбар антидүние болып есептеледі. Джинсидің қыздарға тән зиянын айтып өткенді жөн санадық.


Джинс шалбары созылмайтын қатты материалдан тігіледі. Бұл қыздарға құрсақ көтеріп, ана атанарда зиянын тигізеді. Себебі, қыз баласы балиғат жасқа толғаннан бастап, буындары өскен сайын босап, ішкі организмі құрсақ байлауға дайындала бастайды. Ал, егер де джинси секілді немесе басқа да тар киім киетін қыздарда бұл үрдіске қарсы әрекет жүреді. Себебі, әлгі тар киім босайтын буынды керісінше қатырып тастайды. Қазіргі кездегі ана мен бала өлімінің көбеюі осыдан болса керек. Мейлі аман қалғанның өзінде дені сау ұрпақ әкелмесе қайтеміз?

Ер кісілерге де джинсидің тигізетін айтарлықтай зияны бар. Егер тар джинс шалбар кисе, онда белден төмен орналасқан тамырлар қысылып, қалыпты жұмыс жасауын тоқтауы бек мүмкін. Бұл өз кезегінде түрлі жыныс мүшесінің ауруларына әкеліп соқтырады. Енді ерлерге тар емес, кең джинси киюге болады. Себебі, джинсидің ерлерге арналған кең тігілген түрлері бар (ең дұрысы кимеген абзал). Ал, әйелдерде мұндай таңдау жоқтың қасы.

Енді бұл киім түрінің жалпы зиянына келейікші:

1) Қандай джинси киімді алсаңыз да суықты тез тартатын қасиетке ие. Суықтан ер де, әйел де түрлі ауруларға, соның ішінде жыныстық ауруларға душар болады.

2) Джинсиді кигеннен кейін ол терімен тығыз байланыс орнатады. Ол теріні үнемі қажайды. Джинсидің кірлегені бірден теріге әсер етеді. Содан терінің қабынуы – дерматит ауруына дейін апарады.

3) Джинси қан айналуды тежейді. Егер де тізерлеп отыра қалсаңыз, аяғыңызда мүлдем қан айналу үрдісі тоқтап қалуы мүмкін.

4) Артық салмақ жинауға көмектесетін нәрсе ол – джинсы. Қалай дейсіз ғой? Джинси бел омыртқадағы сегізкөзді жапса жапты, жаппаса ол да жоқ. Одан ұзартса джинсидің сәні кетіп қалады-ау. Ал, ол болса майка мен көйлекті де дұрыс ұстап тұра алмайды. Сол себептен де өкпеге суық тигізу қаупі анағұрлым жоғары. Осыны ескеріп, ішкі организм белге, өкпеге суық тигізбеу мақсатында белге өзінше май жинай бастайды. Яғни, артық майды белге жинайды. Отыздан аспай тұрып қарны шығып кетіп жатқандардың көп себебінің бірі осыдан.
Джинсидің бұдан да өзге зияндары ғаламтор беттерінде жетіп артылады. Қазақтың: «Киімнің сұлуынан жылуы жақсы» деген сөзін ескеріп, денсаулыққа көңіл бөлгеніміз абзал.

Дереккөзі: Аяла Байсейіт‎тің  facebook-тегі парақшасы
нравится:    1723
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии