17 Август
05:36
Астана: 12 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
21 маусым 17:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Джон Керри мен Анджелина Джоли ауызашарға қатысты


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен БҰҰ Миграция жоғары комиссариатының арнайы өкілі Анджелина Джоли Халықаралық Босқындар күніне орай ұйымдастырылған ауызашарға қатысты.

Ауызашар бағдарламасындағы сөзін «Селамун алейкум» деп бастаған Керри мұсылман әлемінің ең қасиетті айын атап өтіп жатқанын еске салып, «Рамазан Кәрім» сөзін қолданды.

Керри АҚШ-қа қабылданған босқындардың ел қауіпсіздігі үшін қатер деген бағыттағы көзқарастарға қатал наразылық білдіріп, «Белгілі бір бақылау жасалғаннан кейін АҚШ-қа қабылданған осы босқындар еліміз үшін еш қатер болмайды» деді.

Мұсылмандарға қарсы жаман сөздердің террористік топтарға пайдалы екеніне назар аударған Керри: «Мұсылмандарды жек көру, оларды нысана қып көрсету террористтер үшін пайдалы.  АҚШ пен Ислам арасында соғыс бар секілді көзқарас тудырғысы келеді. Бұл дұрыс емес.  Мұсылмандар еркін өмір сүретін АҚШ секілді басқа бір ел жоқ»,  - деді.

Анджелина Джоли: «Адамдар тең болып туады. Барлық адамдардың құқықтары тең. Кейбір адамдардың құнының жоғары екенін ойлау демократиялық елдерге жараспайды», - деді.

Түрлі дін өкілдері қатысқан ауызашарда кешкі азанды АҚШ армиясында міндет атқаратын мұсылман бір әскердің оқуы назар аудартты.


 
нравится:    1384
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии