24 Август
08:52
Астана: 17 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
9 қараша 10:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Джон Леннонның ұрланған гитарасы 2,4 млн долларға сатылды

1960 жылдары қолды болған Джон Леннонның гитарасы Беверли-Хиллсте өткен бәссауда кезінде рекордты сома 2,4 млн долларға сатылып кеткен. Аспаптың жаңа иесі аты-жөнін жария етуден бас тартты. Белгілі болғандай, 1962 жылы Ливерпульде сатып алынған Леннонның Gibson гитарасы «Битлз» тобының «Love Me Do», «Please Please Me», «I Want to Hold Your Hand» және «From Me to You» сынды хит әндерді жазу кезінде қолданылған. Гитара 1964 жылы Лондондағы жаңажылдық кештердің бірінде жоғалып кеткен. Уақыт өте аспап АҚШ-тағы комиссиялық дүкендердің бірінен табылған. Гитарист Джон Маккоу 1970 жылы гитараны сол дүкен сөресінен сатып алған көрінеді. «Битлз» тобының суреттер топтамасын қарастырған музыканттың достары Леннонның қолындағы гитараны көріп, таңдай қағысқан. Сарапшылар да суреттер мен бейнебаяндарды қарастырып, бұл деректі растаған болатын. Бұл туралы bbc.com мәлімдеді.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    642
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии