19 Август
19:00
Астана: 21 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
5 маусым 11:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Джон Леннонның жоғалтып алған гитарасы бәссаудада рекордтық сомаға сатылуы ықтимал


Әлемге танымал музыкант, Beatles тобының мүшесі Джон Леннонның кезінде жоғалтып алған Gibson гитарасы егер 965 мың доллар рекордын жаңартса, бәссаудада сатылған ең қымбат гитара болмақ, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.Julien's бәссауда үйінің иесі Даррен Джулиен (Darren Julien) J-160E Gibson акустикалық гитарасын 600-ден 800 мың доллар аралығындағы бағаға сатуды көздеп отыр. Алайда ол агенттікке бұл лот 2013 жылы Боб Диланның электр гитарасы орнатқан рекордын жаңарту мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
«Джон Леннонның заттары аса сирек сатылады, өйткені көп адамдар оларды сақтап жүр. Ал бұл оның сүйікті гитарасы болған еді, жоғалғаннан кейін оны қайтарғысы келетінін айтқан», - деген сөздерін келтіреді агенттік. 
нравится:    682
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии