18 Декабрь
11:10
Астана: -20 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
13 шілде 13:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Джордж Буш Далластағы қаралы рәсімде би билеп, қатты сынға ұшырады


АҚШ бұрынғы президенті кіші Джордж Буштың Далластағы қаза тапқан полицейлердің жаназасында би билеуі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. 

Оның биі бейнеленген кадрлар ғаламторда ең көп талқыланған тақырыпқа айналды.

Түсірілімде Буштың жан-жағына ойнақы қозғалғаны, қасындағы ханымдардың қолынан ұстап робот биін билегені көрініп тұр.
Ханымдардың арасында Американың қазіргі президентінің әйелі - Мишель Обама да бар.

Оның үстіне кіші Буш азалы хорға қосылып әндетіп, арасында қалжың айтып, оларды күлдіруге тырысқан.

Әлеуметтік желі қолданушылары «саясаткер ішіп алған ба?», «Мұндай әдепсіз жан қалайша ел басқарып жүр?» деген тәрізді түрлі сұрақты жаудырды. Қаралы рәсімге жиналған халық Далластағы жаппай наразылық пен тәртіпсіздік кезінде атылған полиция қызметкерлеріне аза тұтуға жиналған  болатын.



Дереккөз: ҚазАқпарат
нравится:    808
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии