19 Октябрь
00:44
Астана: 5 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Экономика
20 маусым 11:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ЕАЭО елдері өз-өзін жеміс-жидек өнімімен тек 50% ғана қамтиды - ЕЭК


Еуразиялық экономикалық комиссияның агроөнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Станислав Бубен ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер мен ғылыми қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастық тетіктерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Станислав Бубен «АӨК саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ және халықаралық ынтымақтастық аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» стратегиялық сессиясына қатысушылардың назарын одақ елдерінің инвестициялық тауарлар мен ресурстар импортына тәуелді екенін атап өтті. Ұлттық валюталардың девальвациясы салдарынан олардың бағасы өседі. ЕАЭО елдерінің жоғары ғылыми әлеуетін атап өткен Станислав Бубен оны ауыл шаруашылығында, соның ішінде мал азығы мен оған қосындылар шығару, ветеринарлық препараттар, өсімдіктерді қорғау құралдарының өндірісінде тиімді қолдану керек екенін атап өтті.   
ЕЭК департаментінің директоры одақ елдерінің ұлттық мемлекеттік бағдарламаларының ережелері «импортты оңтайландыруға және ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін дамытуға бағытталғанын» айтты.  
Қазіргі таңда ЕАЭО өзара жеткізу есебінен өз-өзін ірі қара етімен шамамен 80%; сүт, құс және шошқа еті бойынша - шамамен 90% қамтып отыр. Өз-өзін қамту бойынша ең төменгі көрсеткіш (шамамен 50%) - жеміс-жидек өнімі болып отыр.
Станислав Бубен одақта өз азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңыздылығын алға тартты.   
Мәскеуде өткен форумға Ресейдің мемлекеттік органдарының өкілдері, ғылыми орталықтардың сарапшылары, салалық одақтардың және агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары,   халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
 
нравится:    567
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии