|    |  
21 наурыз 2019
06:33
қаз
​Еден жуушы дипломындағы санды өзгерткені үшін 10 жылға сотталды
22 қараша 2018, 17:51 4
Грекияның Лариса қаласының соты мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін келіншекті дипломындағы санды дұрыстағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды.


 
Келіншек білім алғаны жөніндегі куәлігінде бес сыныптың орнына алты сыныпты аяқтадым деп көрсеткен. 1996 жылы келіншек мектептегі еден жуушының лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысқан. Конкурсқа өту үшін ол аттестатына тағы бір класс қосқан. Сот үкімін естіген жергілікті кәсіподақтар мен әйелдер ассоциациясы 53 жастағы еден жуушыға бұның тым қатал жаза екенін айтуда.

Дереккөз: life.ru


Жаңалықтар