21 Август
04:55
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
19 маусым 12:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еден жуып, үй жинаған Болмановтың балалары елді сүйсінтті
Әнші әрі продюсер, көп балалы әке Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желідегі парақшасына кезекті видеосын жүктеп, ұл баланың тәрбиесіне қатысты ойымен бөлісті.



«Бала тәрбиесі – өте ауқымды, ауадай қажет, ештеңе білмесек те, бала тәрбиелеуді 2-ші орынға ысыруға болмайтын, өте маңызды дүние екенін күн сайын түсініп келемін. Сондықтан өз парақшамда білген-түйгеніммен бөлісе отыруды жөн көрдім.Тәрбие деген сөзді қалай қысқа түсіндіруге болады? Педагогика ғылымына жүгінсек тәрбие - воспитание. Воспитание деген сөзді талдасақ «В Ось-Питание»!

Бала тәрбиесі ұрсудан, жекіруден емес, өз тілінде қоректендіру, сөйлесуден тұрады. Жақсы әдеттер қалыптастырудан құралмақ екен. Перзенттеріңді көп сүйіңдер, жәннатта дәрежелерің көтерілмек (Буxари).  Яғни жақсы көру, жақсы көретініңді білдіру. Тіпті еден жуатын шүберекпен "пианино" жуып жатса да жұқалап айтып, түсінбей тұрса келісе салу. Ең бастысы ниетін қолдау, көңілін қалдырмау. Ата -анасынан көңілі қала берген бала, бара-бара еш нәрсеге құлықсыз болмақ. Баланың анасына көмек көрсетейін, пайдалы нәрсе жасайын деген ниетінің қасында "пианиноны еден жуатын шүберекпен сүрткен" түкке тұрмайды. Қандай ұмтылысын да қолдаған жөн. «Боламын деген баланың бетінен қақпа, белін бу»-деген аталарымыздың "педагогика" ғылымын өте жетік меңгеріп, дамытып тастағанын қазір түйсіне бастадық»-деп жазған желідегі парақшасына.

Желі қолданушылары болса балалардың үй жинағанына сүйсініп, түрлі пікір қалдырып жатыр.
 
нравится:    1316
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии