17 Декабрь
12:12
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
5 қараша 09:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еділбаева мен Оқапов бірге ме?

Жуырда Алматыдағы кештердің бірінде, Индира Еділбаеваны продюсері Ерлан Алимовпен бірге көріп қалдық. Оларды құр жібермей немен айналысып жүргендерін сұрауды жөн көрдік. Ал, Ерлан немен айналысудасыңдар, қандай жаңалықтарың бар? 

"Ең алдымен айта кететін жайт, қазір «Мұңайма» дейтін әніміз бар. Соған үш елге барып клип түсірдік. Өзіміз түсірдік, GoPro деген камераға", - айтты Ерлан Алимов, продюсер.

Сонда өздеріңіз түсірдіңіздер ме? Нақтырақ айтсаңыз. 

"Негізі клипті Индира өзі түсірді. Үш елге барып. Иә, иә. Гоу про деген қолда ұстап түсірілетін камера. Қытай, Италия, Турцияға барған кезде түсірді. Жақсы нәтиже шығады деп ойлаймын",- деді продюсер.

Индираның өзі түсірген бейнебаянды алдағы бір-екі апта көлемінде көріп қалуыңыз әбден мүмкін. Сондай-ақ, продюсер Еділбаеваның шығармашылығына білек сыбана кірісіп кеткен секілді. Олар көктем мезгілінде алғашқы ән жинағын жарыққа шығармақ. Алайда, әндер жеткіліксіз. Сол себепті, композиторлардан көмек сұрауда. 

"Құрметті композиторлар, егер жақсы әндерің болса маған хабарласыңыздар. Жақсы композиторлар мені жақсы таниды деген ойдамын Ал, ары қарай келісе жатармыз", - деп, сұраныс жасады Ерлан Алимов.

Бұл сәтті пайдалана отырып, Еділбаеваның артынан өріп жүрген өсектің рас-өтірігін сұрадық. 

"Бүгінгі таңда маған қойылатын сұрақтардың алдында тұр десекте болады. Әли екеуміздің арамызда ешқандай қатынас жоқ. Біз кездессекте тек жұмыс бабымен. Себебі, ол менің музыкалық продюсерім. Әлидің жүрегі бос десем де болады", - айтты әнші Индира Еділбаева.

Айтпақшы, әнінің авторы Әли Оқапов. Ең бастысы сапалы дүние шығады деген ойдамыз. Күтейік ендеше.

Дереккөзі: gakku.kz
нравится:    916
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии