22 Сентябрь
23:13
Астана: 7 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
13 шілде 09:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Эфиопияда мемлекеттік емтихан кезінде әлеуметтік желілер шектелді


Эфиопия үкіметі жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік  емтихан тапсыру кезінде ел аумағында әлеуметтік желілердің жұмысын шектеді. Жергілікті биліктің осыған қатысты арнайы құжатында «әлеуметтік желелдердің жұмысына тыйым салу емтиханды жеткілікті деңгейде өткізуге мүмкіндік береді» деп жазылған. Тыйым салынған желілер қатарында - Facebook, Twitter, Instagram және Viber бар. «Бұл уақытша шара, сәрсенбіге дейін ғана созылады. Ал, әлеуметтік желілер абитуренттерге кедергі жасайды», - деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз хатшысы Гетачью Реда.
БАҚ-тардың хабарлауынша,  сайттарды ресми түрде шектеу Эфиопияда бірінші рет болып отыр.
Ал өткен аптада БҰҰ кеңесі ғаламторға тыйым салу адам құқығын бұзатынын мойындаған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат
нравится:    646
Теги: Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии