22 Ноябрь
03:23
Астана: -11 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Әлем жаңалықтары
23 тамыз 09:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Эфиопиялық желаяқ қолын қайшылағаны үшін өмірімен қоштасуы мүмкін
 
 
21-тамызда эфиопиялық марафоншы Фейис Лилеса өз елінің қоржынына күміс салды. Бірақ оның алған олжасы емес, мәре алдында басынан асыра көтерген қолы көпшілік назарын аударды.
 
Лилеса бірнеше мәрте қолын басынан асыра көтеріп, қайшылаған. Мұндай қылық оның елінде оромо және амхара этностарын қудалаған Эфиопия билігіне наразылықты білдіреді.  
 
Көп ұзамай спортшы бұл қылығының құны қымбатқа түсуі мүмкін екенін мәлімдеген. Эфиопияға қайтқысы жоқ. Кенияға немесе АҚШ-қа ауысқысы келетінін де жасырмаған. Елінде зайыбы мен екі баласы қалған.
 


Жәбір көрген жерлестеріне осылайша қолдау көрсеткен ол еліне енді қайтса өзін тұтқындап, өлтіруі мүмкін екенін мәлімдеді.
 
Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының деректеріне сүйенсек, Эфиопияда 2015 жылы басталған наразылықтар кезінде жүздеген мың адам ажал құшқан. Мыңдаған адам жараланып, абақтыға жабылып, қаудалауға түскен.
 
 Дереккөз: Metro
нравится:    1190
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии