Әлем жаңалықтары
25 наурыз 09:41
​Эфиопияны соңғы жарты ғасырда болмаған қуаңшылық жайлап тұр


Эфиопиядағы қуаңшылықпен күрес жүргізіп, оның салдарын жою үшін мемлекетке 1 млрд 400 млн доллар қаражат керек екен. Осы ретте жергілікті билік халықаралық қауымдастықтан көмек сұрап отыр, деп хабарлады  www.24.kz. http://www.24.kz.

Өйткені елдегі азық-түлік қоры 1 мамырға дейін таусылуы мүмкін. Эфиопия халқы соңғы жарты ғасырда болмаған алапат қуаңшылықтың азабын тартып отыр. Мамандар «бәріне «Эль-Ниньо» себеп» дейді. Тынық мұхитының экваторлық бөлігінде температура ауытқып, соның салдарынан 10 млн.-нан астам тұрғын аштықтың құрбанына айналғалы тұр. Өткен жылдан бері жарытып ас ішпей жүрген халық саны 3 есеге артыпты. 

«Эфиопияның кейбір аудандарында жаңбыр жаумағанына 1 жыл болды. Бұл жағдай ауыл шаруашылығы саласына кесірін тигізіп отыр. Сонымен қатар, ауызсу мәселесі де өткір тұр», - дейді БҰҰ өкілі: Пол Хэндли.

Елдің шығыс бөлігінде мал жаппай қырылып жатыр. Егіс алқаптары да қурап қалған. Соның салдарынан 7,5 млн фермер шұғыл көмекке зәру.  Бүгінгі таңда Эфиопияда 5 жасқа дейінгі 450 мың бала асқа жарымай жүр. Аштықпен қатар елде түрлі аурулар тарай ма деген де қауіп бар. Өйткені, шөл қысқан халық тіршілік нәрін мал суарылатын лас суқоймаларынан алып ішуге мәжбүр.
 

Комментарии




Яндекс.Метрика