Туризм
27 мамыр 10:48
Египет мейманхаларындағы баға 10 есеге арзандады
Туристер ағыны әуе апатынан кейін күрт төмендеген. EgyptAir лайнерінің құлауынан кейін Египет мейманхаларындағы баға да арзандады. Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.



Шарм-эль-Шейх қаласындағы ең қымбат қонақ үйлер құны бір түнге 26-50 доллар аралығына дейін арзандаған. Әуе апатына дейін Radisson Blu Resort қонақ үйі бір түнге 200 доллар ақы алса, қазір онда 26-27 доллар төлеп тұруға болады. Қазіргі уақытта Египеттегі барлық қонақ үйлер бос тұр. Сондай-ақ пирамида мен екі ескерткіш маңында да адам көрінбейді. Сарапшылар туристік саладағы дағдарысты қауіпсіздік мәселелерімен байланыстырады.

Дереккөзі: 24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика