|    |  
15 желтоқсан 2018
07:12
қаз
​Египет үкіметі турист санын 12 миллионға дейін жеткізуді көздеп отыр
12 сәуір, 10:00 770


Египет үкіметі келер жылы шетелден келетін туристің санын 12 миллионға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Туризм министрі Яхья Рашед мәлімдеді. Былтыр Синай түбегінде ресейлік жолаушы ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін бұл елдің туризм саласы тұралап қалған еді. Айталық өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылдың бірінші ширегінде елге келген туристер саны 40%-ға төмендеген. Ал туризм Египет экономикасының табыс әкелетін негізгі саласы саналады. 2011 жылғы революцияға дейін бұл елге пирамидаларды тамашалау және Қызыл теңіздегі шипажайларға демалуға жылына 14-15 миллион шетелдік турист келіп жүретін. Яхmя Рашедтың мәлімдеуінше, қазіргі кезде Египет әуежайларында қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген. Сонымен қатар туризмді ынталандыруға бағытталған бірқатар шара қабылданды. 

Дереккөзі: 24.kz


Жаңалықтар