|    |  
20 шілде 2019
01:56
қаз
Египеттің экс президенті сот залында көз жұмды
18 маусым 2019, 10:27 53


Египеттің экс президенті сот залында көз жұмды.

2013 жылы әскери төңкерісі барысында тақтан кеткен Мухаммед Мурси Сот залындағы тергеу барысында көз жұмған. Ең қызығы экс-Президент Египет елін бар болғаны бір жыл ғана басқарып үлгерген. 

Мухаммед Мурси Египеттегі демократиялық жолмен келген алғашқы президент. Десе де оның тақта бір жыл ғана отыруының басты себебі - халықтың жаппай шеруі еді.

Мухаммед Мурсиге түрмеде отырғанда не дәрігерлермен не қорғаушыларымен кездесуге мүмкіндік берілмеген. Жергілікті прокурор  экс президентті ХАМАС ұйымының тыңшысы деп айыптап, оны 45 жылға соттауды өтінген. 

Үкім саясаткерге ауыр түсіп, ол сот залында есінен танып қалған. Артынша ол ауруханада көз жұмады. 

Дереккөзі: ​BBC


Жаңалықтар