|    |  
15 қыркүйек 2019
12:48
қаз
Екі ер адам 51 жастағы әйелді ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, зорлаған
27 тамыз 2019, 18:03 147
Киев облысында екі ер адам 51 жастағы әйелді ұрлап әкетіп, тонап, зорлаған. Жәбір көрген келіншек олардан әрең қашып құтылған.


 
Содан кейін полицияға хабарласып, өзін түнгі үште автобус аялдамасында тұрғанда екі ер адамның автокөлікке күштеп кіргізіп, ұрлап кеткенін айтқан. Олар әйелді көпқабатты үйде орналасқан пәтерге апарып, 16 сағат бойы азаптаған. Екі қабырғасын сындырған, ұрып-соққан, ұялы телефоны мен ақшасын алып қойған. Кезектесіп зорлаған. Кешкі сағат жетінің кезінде, екі еркек ұйықтаған кезде әйел біреуінің киімін киіп, қашып шыққан. Содан кейін полицияға хабарласқан. Жедел іздестіру шарасы барысында 35 және 37 жастағы екі ер адам ұсталған. Екеуі де қамауға алынған. Қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар