Экономика
18 мамыр 14:40
ЕҚҚДБ инвестициялары Қазақстанға тартылмақ
ЕҚҚДБ инвестициялары Қазақстанға тартылмақ


21 мамырда өтетін Астана экономикалық форумына Еуропа қайта құру және даму банкі өкілдері қатысады. Тбилисиде өткен дәстүрлі банктер жиынында қазақстандық делегация серіктестеріне инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде баяндады. Грузия жерінде басталған келіссөздер Астанада өтетін форумда нәтижелі жалғасын табатын болады.

Аида Ситдикова, Еуропалық қайта құру және даму банкі департаментінің директоры: - Астана экономикалық форумы байланыс құрудың қосымша алаңы болып табылады. Бүгінгі таңда ел билігі жасыл экономика, энерготиміділік, баламалы энергия көздерін қолдау қажеттігін түсініп отырғаны бізді қуантады. Осыған байланысты біз бірнеше жобаны қолға алуға дайынбыз. Өткен жылы Ерейментаудағы жел энергетикасын дамыту жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Биыл күн энергетикасына байланысты жобаны іске асырамыз деген сенімдеміз.

Дереккөзі:24.kz


 

Комментарии




Яндекс.Метрика