19 Август
09:25
Астана: 12 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
27 шілде 12:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Екпенің пайдасы бар ма? (Видео)
 
 
Қазір балаға екпе салдыру мәселесі көптің көңілін күдікке жетелейді. Дәрігерлер болса балалардың жұқпалы ауруларды жұқтырмауы үшін екпе салудың қажеттілігін баса айтады.
 
Ал қарапайым көпшілік қарсы. Ата-аналар екпеден кейінгі асқынулардан қорқады. Екпеге деген қорқыныш біздің елде ғана емес. Халықаралық сипат алған. Мысал үшін АҚШ-та екпелердің аутизмге апарып соғатыны туралы түсінік қалыптасқан. Алайда зерттеулер екпе мен аутизм арасында байланыс жоқтығын дәлелдеді.
 
Кейбір адамдар дәстүрлі емес медицинаға жүгінгенді жөн көретіндіктен, екпеден бас тартады. Дұрыс тамақтану, экологиялық таза өнімдер тұтынса екпе салдырудың қажеті жоқ деген пікірде.
 
Екпеге үзілді-кесілді қарсы шыққан мамандардың бірі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің бас гемопаты Марина Таргакова. Марина Таргакованың 2016 жылы Литвада жазылған «Отбасы: шағыннан үлкенге» атты дәрісінің бір бөлігін назарларыңызға ұсынамыз.
 


"Мен екпелерге түбегейлі қарсымын. Себебі Алла Тағала екпені жаратпаған. Ол иммундық жүйені жаратты. Сол себепті де иммундық жүйе – ғаламат күшке ие. Балаға да, сіздерге де табиғатпен байланыста болу өте маңызды. Себебі иммундық жүйе осыдан жақсарады. Алла Тағала – ең жақсы дәрігер. Ол табиғаттағының бәрін жаратқан. Екпе – бұл бизнес.  Алдымен қорқыныш тудырып, содан кейін екпе шығарады. Адамдағы ең күшті сезім – бұл қорқыныш. Өмірі үшін қорқу – бұл ең күштісі. Өміріңізде бұған қатысты манипуляциялар көп болады. Берілмеңіздер.
 
Өмір ұзақтығы өлшеулі. Егер баланың ғұмыры қысқа болса ешқандай екпемен көмектесе алмайсыз. Бірақ біз екпелер арқылы өмір сапасын нашарлатамыз.  Ауру мен өлім  – бір бірімен байланысты емес. Ауру өмір сүру сапасымен байланысты. Бірақ өліммен байланысты емес. Бірақ дәрігерлер өздерінің тағдырларды шешетінін жадыларына құйып алған. Олар кінә, ұят сезімдерін тықпалап сіздерді үркітпек. Олар қорқыныш ұялатып, содан кейін дәріні, яғни екпені ұсынады.
 
Қазір неге біздің иммундық жүйеміз ақсап тұр? Екпелердің себебінен. Біз иммундық жүйені құрттық. Біз оған эксперимент жасаймыз. Ата-аналар дені сау балаларын ауру қылуда. Бірінші кезекте рухани жүйені дұрыстап, психиканы соған лайықтау қажет. Мен иммунолог, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің  бас гемопаты, аллерголог ретінде айтамын, екпе салдырмаңыздар. Тек өз қорқыныштарыңызды жеңе біліңіздер. Егер қорықсаңыз барып екпе салдырыңыз. Себебі баланы да, өзіңізді де шаршатасыз. Себебі сізде сенім жоқ».
 


Дереккөз: bg.ru,  psiholog3000.ru
нравится:    989
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии