19 Август
18:58
Астана: 21 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
11 желтоқсан 13:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Экс-депутат үй салу үшін "достарынан" бата беруін сұрады
Экс-сенатор Ғани Қасымов әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушылардың бірі.
Жақында ол өзінің парақшасында 1998 жылдан бері жиналған зейнетақы қорындағы ақшасына Астананың шетінен 12 соттық жер телімін сатып алғандығын және осы көктемнен бастап саяжайлық үй тұрғызатындығын хабарлады.



Бір қызығы, кезінде саясат сахнасында аса танымал болған Ғани үй салу үшін желідегі достарынан бата сұраған. Сондай-ақ, жалпы ауданы 200 шаршы метрден аспайтын үйдің жобаларын жолдауды өтінеді.



Еске сала кетейік, Ғани Қасымов белгілі саясаткер. 1992 жылдан - ҚазКСР Президентінің кеңесшісі - ҚР Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының халықаралық бөлім меңгерушісі. 1994 жылдан - Француз Республикасындағы ҚР сауда-экономикалық өкілі. 1996 жылдан - ҚР Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы. 1999-2004 жылдары - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты. 2007-2013 жылдары - ҚР Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болған.  

Дереккөзі: reactor.inform.kz


 
нравится:    849
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии