22 Ноябрь
16:44
Астана: 0 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Әлем жаңалықтары
14 шілде 17:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​ЭКСПО-2017 көрмесі террористердің назарын аударуы мүмкін

 
Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі құқық қорғау жүйесі үшін үлкен сынақ болмақ. Көрменің барлық 36 объектісі террористердің назар аударуы мүмкін нысандарының санатына жатқызылған. Бұл туралы заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қылмыспен күресуді қамтамасыз ету бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурор Жақып Асанов мәлімдеді.
 
Өз кезегінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қауіпсіздік үшін көрме объектілерінде жарылғыш, радиоактивті, химиялық заттардың жоқтығын тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.
 
- Бүгінге дейін 170-тен астам тексеру жүргізілді. ЭСКПО көрмесінің барлық 36 объектісі террористердің назар аударуы мүмкін нысандардың қатарына жатқызылған. Одан бөлек, Елбасы мәдени, бұқаралық, мәдени – ойын-сауық шараларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды – дейді.
 
Қорытынды сөзінде қауіпті тұлғалардың көрме аумағына кірмеуі үшін барлық мүдделі күштік құрылымдардың деректер қорын бірыңғай форматқа біріктіру қажеттігін атап өтті.
 
Дереккөз: caravan.kz
нравится:    686
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии