17 Декабрь
14:11
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
5 қараша 10:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Экстремалды туризм туралы не білеміз?
Бұл сегментке әлемнің туристік нарығының 10 % жатады. Экстремалды туризм дамуының себептері: мораль мен талғамдардың өзгерісі, қауіпті нәрсені есірткі сияқты аңсау, атаққұмарлық. Негізі әкстремалдық туризмге тәуекелді қажет ететін скайсерфинг, трекинг, хели-ски, фри-райд, рафтинг және басқа спорт түрлерін жатқызуға болады.


Скейтбордингтың негізінде серфинг (теңіз толғынында тақтайда сырғанау) жатыр. 1965 ж. алғашқы зауытта жасалған ролик тақтайлары шықты. Ролик дөңгелектерін «Криптоникс» фирмасы шығарды.

1980 жылдардан бастап фристайлда (би акробатикасы) Флоридада , кейін басқа жерлерде неше түрлі техникалық элементтер пайда болды: «олли»-секіру, сальто, ұстап қалу, грайнд, слайд (сырғанау). Көшелердегі экстрим дами бастады – «стрит-стайл». Арнайы жабдықталған скейтпарктер пайда болды. 1991 жылдан бастап жоғары техникалы «флэт» стилі тарауда. Оның дамыған түрі – «кик-флип». Стрит-стайлдың арнайы экстрим-ойындары (X-games) өткізіледі.

Сноубординг. 1970 жылдары тақтайдың қысқы түрі снерф пайда болды. Кейін бұл бізге таныс сноуборд түрінде шығарыла бастады. 1990 жылдары Халықаралық сноуборд федерациясы құрылды. 1998 жылы Наганода бұл Олимпиада түрі ретінде ойындар бағдарламасына енгізілді.


Скайсерфинг. 1987 ж. француз парашютисті Ж.Крюзьяни алғашқы рет тақтайға мініп аспанда секірді. 1990 ж. Техаста фристайл бойынша алғашқы әлем чемпионаты өтті. Алғашқы орталығы Франциядан бүкіл әлемге тарап кетті.

экстремальный туризм
Тау велосипеді. Спорттың бұл түрін американдықтар бастады. Ол үшін арнайы мықты велосипед қолданылады.

Бұл спорттың үш стилі бар. 1) кросс-кантри – айналмалы күрделі лай мен суы бар қиын жолмен жүру. 2) триал – байкерлер неше түрлі кедергілерге, қабырғаларға, т.с.с. секіріп, айналып, аударылып велосипед тебеді. 3) даунхилл – таудан төмен қарай түсу.

Каякинг – экстремалды су туризмнің бір түрі. Жалпы үш бағыты бар: ескекті слалом, родео, өзен бойымен жүзу (сплав).

1)    Слалом трассасы табалдырықтан жоғары орнатылады. Спортсмен қадап қойған таяқтарға тимей кедергілерден жылдам өтуге тырысады. Слалом үшін арнайы 4 метрлік композиттен жасалған қайықтар қолданылады.

2)    Родео. Слалом спорттың өте күрделі түрі болса родео ойын-сауыққа ұқсас. Әуелі қатысушылар өз денесіне өте кішкентай және ыңғайсыз «қайықтарды» киеді. Одан кейін ең жақын орналасқан бөшкеге дейін 20 метрдей жүзіп барып неше түрлі қимылдарды жасайды. Мақсаты – ең қысқа мерзімде (30-60 с) бөшкеде акробатикалық элементтердің ең үлкен санын орындау болады.

3)    Сплав. Мұның үш түрін айыруға болады. Ойын: өзеннің қиын емес кесіндісінде кішкентай қайықта заттарын алмай жүзу. Экспедициялық жүзу – кәдімгі су туризм жорығы. Экстремалды жүзу – ең қиын кедергілерден , өте қауіпті жерлерден жүзіп өту.

Геокэшинг немесе геоюшинг (geo – жер, cach – құпия сақтағыш) – жаңадан пайда болған ойын-сауық. Әртүрлі заттарды бір жерге тығып қою, оларды GPS көмегімен тауып алу. Тауып алған кезде контейнерден тыққан затты алып оның орнына бағасы тең затты салу керек. Ол заттар бір тақырыпқа сәйкес болуы мүмкін. Кейде кездесу үшін құпия сақтағыштарды жасауға болады. Виртуалдық ойын да болуы мүмкін.


Хели-ски (helicopter – тікұшақ, ski – шаңғы). Алғашқы рет Британ Колумбиясында (Канада) шаңғымен тікұшақтан секірген. 1980 жж. Үндістан курорттары хели-скидің ең таңдаулы жері болатын, бірақ Кашмирдегі оқиғалардан кейін бұл аудан туристер үшін қауіпті болып кетті. Қазіргі кездегі әлемнің ең маңызды хели-ски орталықтары Жаңа Зеландия, Аляска мен Оңтүстік Америка таулы аймақтарында орналасады.

Әуе экстримы немесе парапланеризм (параглайдинг) – парапланда («жұмсақ қанатта») ұшу. Кейде мотор да қолданылады (парамотор).

Спелеотуризм ерекшеліктері: жер астындағы маршруттардың қиын, күрделі болуы, жоғары салыстырмалы ылғалдылық (100 % дейін), ауаның төменгі температурасы, қараңғылық.

Фрирайд – сноубордпен немесе тау шаңғымен тың (дайындалмаған) тау беткейіндегі трассамен сырғанау.

Кайтсерфинг (kite – қағаздан жасалған, serf – cоқпа толқын) немесефлайсерфинг. Оның мағынасы – қайық, каяк, шаңғы, скейтборд, ролик, басқа құралдарды қолданып ұшу.

Каньонинг и Рафтинг
Каньонинг – көмекші құралдарды қолданбай тау өзендері мен жартастардан төмен түсу, сырғанау. Қайық, сал сияқты құралдарды қолданбаса да, сақтандыру құралдарын (гидрокостюм, құтқару жилеті, шлем) пайдалануға болады.

Вейкбординг (вейкборд) – су шаңғы, серфинг, сноуборд пен скейтборд қосындысы («коктейлі»).

Банги-джампинг (bungy jumping) – көпірден (каньондарға, тікұшақтан, тіпті өшкен жанартау көмейіне) төмен қарай секіру.

Вота-баг (water bug). Спортшы тақтайға жтып тентек суға секіреді.

Зорб (zorb). Өте үлкен шардың ішіне адам түрегеп тұрады. Оны таудан төмен қарай итеріп жібереді.
 
Дереккөзі: http://info-tour.kz/
нравится:    3354
Теги: Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии