12 Декабрь
12:31
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
12 шілде 18:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Елбасы кітапханасында 180 жылдық тарихы бар кітап сақтаулы


Бүгінде Елбасы кітапханасының қорында 22 200 басылым сақталған. Олардың арасында 400-і сирек кездеседі. Бірегей топтаманың қатарында «Энциклопедиялық лексикон» жинағының 1-ші томы бар.

Әліппенің бірінші әрпінен басталатын кітап 1835 жылы Санкт-Петербор қаласында жарық көрген. Кітапханадағы ең көне басылымдардың бірі келушілер үшін де қолжетімді. Мұндай мәлімет ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының сайтында жарияланды.

– Бізге келушілер «Энциклопедиялық лексикон» жинағының 1-ші томын сирек кездесетін кітаптардың витринасынан тамашалай алады. «А» әрпінен басталатын сөздерден құралған энциклопедия 357 беттен тұрады. Оның 40 парақшасы Азияны сипаттауға арналған. Басылымды парақтап көрсек, онда түрлі салалар қамтылғаны байқалады. Алғашқы бетте «А» әріпіне сипаттама беріліп, ежелгі аталуы көрсетілген. Тіпті музыкалық ноталарға да түсініктеме берілген, – деп түсіндірді Кітапхана жұмысы қызметінің аға сарапшысы Бибігүл Бекенбаева.



Халық арасында «Плюшар лексиконы» деп аталып кеткен. Оның басы-қасында кітап шығарушы А. Плюшар тер төгіп, 100-ден астам автордың басын қосқан. Жинақты әзірлеу барысына А. Пушкинді тартуға талпыныс жасалды. Бірақ ақын авторлық ұжымның бір жиналысына қатысып, ұсыныстан бас тартқан.

– Авторлық ұжым неміс тіліндегі Брокгауз әмбебап энциклопедиясымен аттас жинақты әзірлеуді жоспарлаған. Бірақ белгіленген 40 томның тек 17-сі ғана баспадан шықты. Энциклопедия «Д» әріпінен ары қарай ұзай алмаған, – деп атап өтті Елбасы кітапханасының қызметкері.

Елбасы кітапханасында құнды еңбектердің қатары қалың. Сирек кездесетін кітаптарға ниет білдірген тұрғындар да көз жүгірте алады.


Дереккөзі: presidentlibrary.kz
нравится:    574
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии