22 Ноябрь
22:44
Астана: -5 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 330.22
EUR/KZT: 388.07
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.93
Экономика
4 маусым 11:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Елбасы төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының 28-ші кеңесі басталды


Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының 28-ші кеңесі өз жұмысын бастады.Жиын барысында кеңеске қатысушылар Қазақстанның аграрлық саласының даму әлеуеті мен басым бағыттарын, агроөнеркәсіп кешеніне алдыңғы қатарлы техниканы енгізу мүмкіндіктерін және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру ұсыныстарын талқылайды. Еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіншіліктері жайында Metro Cash and Carry, Baker and McKenzie International, Philip Morris International, Citigroup, Deloitte, CIS, Deutsche Bank AG, EY компанияларының өкілдері сөз сөйлейді деп күтілуде.
Кеңесте Елбасына трансұлттық компанияларды тарту арқылы жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу саласындағы 15 басымдықты жоба көрсетіледі.
Айта кетерлігі, Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені жетістіктерінің көрмесі» ұйымдастырылған. Ал сарай алдындағы алаңда отандық ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі өтуде. Онда отандық СемАз және АгромашХолдинг компанияларында ұйымдастырылған техникалармен қатар Қазақстанда шығарылуы жоспарланып отырған шетелдік ауыл шаруашылығы техникалары да бар.

Дереккөзі: inform.kz
нравится:    664
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии