11 Декабрь
23:21
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
23 маусым 11:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Электронды ақша дегеніміз не?
Әлемнің дамыған елдерінде электронды ақша қолдану кеңінен жайылған. Сол ақшаның буы біздің елге де келіп жатыр. Үйде отырып керек затыңды жер шарының қиырынан сатып алып жатсаң қандай керемет? Сонымен э-ақша деген не? Қашан шықты? Пайдасы қандай? Қаншалықты зиянды? 

Технологиялардың дамуына байланысты тұрғындар арасында электрондық коммерция кеңінен таралуда, желі арқылы жетілдірілген жаңа төлем жасау құралдары пайда бола бастады. Ғаламторда электрондық ақша жүйелері көбейіп келеді, оның ішінде көпшілікке әйгілі PayPal, StormPay, WebMoney, Transfer, Яндекс.Деньги жүйелері.
2011 жылғы 21 шілдеде «Электрондық ақшалардың мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы Қазақстанда электрондық ақшаны заңды түрде шығаруға және оны пайдалануға негіз болды. Тиісті түзетулер «ҚР Ұлттық Банк туралы», «ҚР банктер мен банк қызметі туралы», «Төлем және ақша аудару туралы» Заңдарына, сондай-ақ, Салық кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де енгізілді. 

Электронды ақшаның тарихы сонау 1918 жылы АҚШ-тың Федералдық Резерв Банкі телеграф арқылы ақша жіберуінен бастау алған. Араға бірталай жылдар салып 1993 жылы э-ақшаның дамуы қайта жолға қойылды. Содан бері дебит және кредит карталарын қолдану ғана емес, интернет арқылы сауда-саттық жасау да кеңінен тарала бастады. Әмияныңызға мыс-мыс ақшаңызды сыйдыра алмай жүрген жандар үшін кредит карталары тиімді болғаны анық. Ал, жердің екінші бір қиырынан зат сатып алғыңыз келсе, жол жүріп әуре болмай үйде отырып сатып алу үшін онлайн-банкинг таптырмас құрылғы екені де шындық. Ал, осы бір керемет ақша жүйесінің қандай артықшылығы бар?

• Жоғарыда атап өткеніміздей интернет арқылы сауда-саттық жасау оңтайлы әрі тез.
• Ақшаны есептеп, қалғанын қайтып беруге кететін уақыт үнемделеді.
• Қалтада жүріп түсіріп алу, жыртып алу, бүлдіру секілді қиыншылықтан құтыласыз.
• Жасанды ақшаға ұрынып қалудан сақтайды.
• Ешқашан ескірмейді, өзінің сапасын жоғалтпайды.
• Үлкен сомадағы ақшаны сақтау үшін арнайы сейф алудың еш қажеті жоқ.
• Шығыны қағаз ақша жасауға кететін шығынға қарағанда аз.
Егер осыншалықты ыңғайлы болатын болса, неліктен барлық жерде бұл жүйені қолданбасқа деген заңды сұрақ туады. Бұған кедергі – э-ақшаның да басқа ақша түрлері секілді өзіндік кемшілігі бар.
Ең басты кемшілігі, э-ақшаның қауіпсіздігінде. Ақша виртуалды жүйе бойынша жұмыс атқаратын болғандықтан хакерлердің ақшаны өз шотына аударып алу мүмкіндігі бар. Сол себепті онлайн-банкинг жүйесін қолданатындарға ақшасының қауіпсіздігін күшейтуге арналған қарапайым алты жол бар екен.
• Э-ақшаға қатысты құжаттарды құпия орында сақтаған жөн. 2009 жылы орын алған э-ақшаны ұрлауға байланысты оқиғалардың 13%-ы таныс-тарынан келген. Мүмкін болса өтініш және басқа да құжаттарды жыртып тастаған абзал.
• Барлық шаруа интернет арқылы жасалынатын болғандықтан компьютерге жақсы антивирус орнатқан дұрыс және оның әрдайым базасын жаңалап отыру керек. Интернет арқылы немесе телефонмен сөйлескенде жеке ақпараттар мен парольдерді айтуға болмайды. Банктің сайтына кірген кезде соған ұқсас өзге сайттармен шатыстырып алмау керек.
• Құпия сөзді қойған кезде оның қарапайым болмағаны жөн. Әріптер мен сандардан құралған құпия сөз қауіпсіз болмақ. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, қоғамдық орындарда Wі-Ғі жүйесі арқылы алыс-беріс жасамау құпиялықты қамтамасыз етеді.
• Ең кемі аптасына бір рет өзіңіздің арнайы бөлмеңізге кіріп жағдайдың қалай болып жатқанын байқап тұру да артық емес.
• Өзіңіздің атыңыздан өзгелер жаңа қолданушы ашып алуына жол бермеңіз.
• Әрқашан келіп түскен хаттарға дұрыс көңіл аударыңыз. Сіздің ұсынысыңызды кредиторлар құқық бұзушылықты анықтаса тез арада мәселенің байыбын зерттеңіз. Өзге біреудің сіздің атыңыздан сауда жасау мүмкіндігін ескеріп, барлығын ретке келтіруге асыққан абзал.
Электронды ақшаның тағы бір ең үлкен кемшілігі – ақшаңыздың виртуалды болуы. Жаһанды жалмаған дағдарыстың шығуына осы виртуалды ақшаның шектен тыс көбейіп кетуі де өз үлесін қосты. Бүкіл әлемнің қаржысын басқарып отырған Федералдық Резерв Банкі бір күнде тақырға отырғызып кетуі мүмкін екендігін де естен шығармаған жөн.


Дереккөзі: kerekinfo.kz
нравится:    2097
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии