21 Август
16:07
Астана: 26 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Туризм
30 қыркүйек 12:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Электронды әуе билетін басып шығару қаншалықты қажет?
Электронды әуе билеттеріне тапсырыс берген кезде көпшілік адам абдырап қалатыны шындық. Ондағысы бұл қаншалықты  дұрыс шешім деген деген күдікті ой.



Электронды билет – бұл қағаз әуе билетінің электронды нұсқасы. Сіздің рейсті брондауыңыз ұшу жүзеге асырылатын төлқұжат туралы ақпаратты ұсынуыңыз бойыша стандартты түрде жүзеге асырылады. 




Электронды билеттің мынадай артықшылықтары бар:
  •  Уақытты үнемдеу – үйден немесе кеңседен шықпастан, әуе билетін брондап, сатып алу. 
  • Егер билетті жоғалтып алсаңыз оны қалпына келтіруге болады. Өйткені билет туралы ақпарат әуе тасымалдаушының сенімді түрде қорғалған базасында сақталады.
  • Билет бағасы құрылымының нақты сызбасы – параметрлерді таңдау мүмкіндігі тек өзіңізге ғана тиесілі. Тәртіп бойынша ұшқанға дейін 24 сағат ішінде ұшу орындарыңыды белгілеп қоя аласыз.

Электрондық билетті алғаныңыз немен расталады?
 

Сатып алуды растау негізінде көрсетілген электрондық пошта адресіне электрондық билетті алғаны туралы бағдар-түбіртек (немесе ұшуды растау туралы) жіберіледі.
 
Бағдар-түбіртек — қағаз билетіне ұқсас бағдар, тасымалдау төлемдерінің формалары мен мәліметтері туралы толық ақпараттар жиынтығы.

Сапар кезінде бағдар-түбіртекті өзіңізбен алып жүргеніңіз дұрыс. Бұл әсіресе шетелге ұшу кезінде маңызды. Шетел еліне келген кезде әрі қарай бағдар немесе елден кері ұшуды талап етуі мүмкін барлық қауіпсіздік қызметі мен иммиграциялық қызмет шараларынан өту мүмкіншілігі болуы керек. 
Кез-келген жағдайда саяхат үшін паспорт, халықаралық саяхат үшін – нағыз шетелдік паспорт (немесе халықаралық үлгідегі паспорт) болуы міндетті. Авиакомпаниялар әуежайда бағдар-түбіртектің бар болғанына кеңес береді, дегенмен ол тіркелуден өту үшін міндетті болып есептелмейді. 
Сондай-ақ, кейбір әуежайларда ұшуды растау тіркелу орнына кірерде бақылауда авиациондық қауіпсіздік қызметі көрсету үшін қажет болуы мүмкін.

Әуе билетін басып шығару процесі

Электрондық билетті алудың ең ыңғайлы жолы – ол авиакомпания сайтында сатып алу. Электрондық билет бірден төлем мен тағайындау аяқталғаннан кейін қалыптасады. Растау негізінде Сіздің өз электрондық мекен-жайыңызға бағдар-түбіртегі жіберіледі. 
Сондай-ақ, электрондық билетті авиакомпанияның сату офисі немесе туристтік агенттіктерде алуға болады. Қазіргі таңда кейбір компанияларда электрондық билетті телефон арқылы рәсімдеу мүмкіншілігі бар. 



Электрондық билет кез-келген жолмен төлене алады – банк карталары, қолма-қол ақшамен немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша. Авиакомпаниялар көбінесе төлемді банк картасымен төлеуге кеңес береді, себебі ол бір мезгілде жолаушыны идентификациялау формасы болып табылады.
Электроды билеттерді  кәдімгі компьютерлік басып шығару құрығыларынан шығара беруге болады.

Егер сіз басып шығарылған билетіңізді жоғалтып алсаңыз не істеу керек?

Ең бірінші кезекте сіз абдырап қалмаңыз. Құжатты кез келген уақытта өзіңізге қолайлы кезде басып шығаруға болады. Сіз жоғалтып алған  билетті басқа биреу тауып алған күннің өзінде де оны сіздің төлқұжатыңызсыз ешкім пайдалана алмайды. Яғни ол төлқұжатсыз жарамсыз болып есептеледі.

Электроды әуе биетін не үшін басып шығару керек?



Кейбір әуе компаниялары сіз ұсынған жеке бас куәлігі немесе паспорт негіздерінде ұшаққа отырғызу билеттерін рәсімдей салуы мүмкін. Алайда, біз сіздің ұшатын уақытыңыз мен күніңізді есіңізге нақты салып отыру үшін электронды әуе билетін  басып шығару дұрыс деп санаймыз.

Басып шығарылған электроды әуе билеті қай кезде қажет болуы мүмкін?

Жалпы  шетелге саяхатқа шыққан кезде өзіңізбен бірге басып шығарылған электронды әуе билетін алып жүрген дұрыс. Ол ұшаққа отыру кезінде, кедендік тексерістерде және өзге жағдайларда қажет болып қалуы әбден мүмкін.

Дереккөзі: http://trips.aviata.kz/
Аударма: reactor.inform.kz
нравится:    1084
Теги: Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии