15 Декабрь
08:39
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
28 желтоқсан 17:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Электронды ойыншықтар балалардың сөйлеу қабілетінінің дамуын тежейді
Солтүстік Аризона Университетінің ғалымдарының зерттеулері осындай нәтижесі көрсеткен. Бұл туралы meddaily.ru сайты хабарлады.

12333

Сөйлейтін,  жүретін,  әуен және басқа да дыбыстар шығаратын электронды ойыншықтар балалардың сөйлеу қабілетінінің дамуын тежейді.

Алайда қазіргі кезде мұндай ойыншықтар керісінше, бала дамуына ықпал ететін ойыншықтар деп сатылады.

Ал Солтүстік Аризона Университетінің ғалымдары 10 ай мен 16 ай арасындағы балалары бар 26 отбасыны 3 топқа бөліп, тәжірибеге қатыстырған. Әр отбасының балаларына әртүрлі ойыншықтар берген.  Бір топқа  сөйлейтін ойыншықтар мен мобильді телефон, екінші топқа ағаш пазлдар, кубиктер мен суреттер берген. Ал үшінші топтағы отбасылар жануарлар, түрлі фигрулар мен гүлдердің суреті бар кітапшалар берілген.

Сол кезде дәл бірінші топтағы балалардың сөйлеуі баяу дамығанын байқаған. Дәстүрлі ойыншықтарға қарағанда электронды ойыншықтар балалардың тілінің дамуына жақсы әсер ететіні өтірік болып шықты. Өйткені мұнда ойыншықтармен ойнайтын балалардың ата-аналары олармен аз сөйлеседі және баланың өзі де сөйлейтін ойыншыққа сөйлеуді артық деп табатын көрінеді. Ал кітап алған отбасыларда ата-аналар кітапты балаға оқып беріп, ата-ана мен бала арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Басқа да дәстүрлі ойыншықтармен ойнаған балалардың тілі ерте дамыған.

Дереккөзі: Stan.kz
нравится:    841
Теги: Қоғам, Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии