|    |  
12 желтоқсан 2018
14:44
қаз
​Электронды темекілер обырдың пайда болуының бірден-бір себепкері болуы мүмкін
20 қыркүйек, 17:16 12

Бар мәселе бұл заттың құрамында түрлі химиялық қосындылардың болуында екені белгілі.  

лардың көпшілігі өкпеде қалып қояды, нәтижесінде бұл обырдың белең алуына себепкер. Невада университетінің ғалымдары электронды темекілердің денсаулыққа мүлде зиянды емес деген пікірмен толықтай келіспейтіндіктерін жеткізді. Керісінше, бұл құрал кәдімгі темекі секілді адам ағзасына зиянын тигізе алады екен.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адам ағзасында онкологиялық аурулар тудыратын альдегидтердің, қауіпті токсиндердің орташа концентрациясы ауада темекі тартпағанға дейінгімен салыстырғанда 10 есе көп болып шықты. Бұған қоса, ғалымдар қауіпті формальдегидтің адам ағзасында тұралап қалатындығын анықтап отыр.

АҚШ-тың Калифорния университеті ғалымдары болса, темекі мен кальянның денсаулыққа тигізер зиянын өлшеп көрген болатын. Нәтижесінде, темекіге қарағанда кальян зиянын аз тигізеді деген пікір расталмады.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua


Жаңалықтар