18 Август
12:56
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
29 сәуір 15:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Елена Пискунова: «Алғашқы суретті үй қабырғасына салғанмын»
Тауы бар, жасыл желекті керемет қалада суретшілерде түрлі идеялар пайда болады. Оны кез келген адам сезіне бермейтіні хақ. Жандары шығармашылыққа жақын адамдар, әсіресе суретшілер үшін әрбір көріністің өзі ерекше мағынаға ие.


- Елена айтыңызшы, адамдардың шығармашлығына картиналарыңызбен не жеткізесіз?
— Менің картиналарымды көрген адамның ең алдымен көздері жайнап, ашық, жарық түстер әуе кеңістігін сезіндірсе деймін. Менің картиналарымнан өздеріне бір нәрсе алса деген ниеттемін. Қиялымнан өрбіген еңбегімді, менің өнерімді түсінетін адамдар алса деймін.


- Питербургқа жасаған саяхатыңыз қалай өтті?
— О! Әрине, керемет өтті. Мықты суретшілерден сабақ алу бұйырды. Бірнеше галереяға барып, таңғажайып картиналарды көрдім. Ол жақтың суретшілері сатып алушының талғамы қызмет етпейді. Өздерінің жүрек қалауымен салынған сурет міндетті түрде сұранысқа ие екен.

- Шығрмашылық жолыңыз қашан басталды?
— Кішкентай кезімнен бастап қабырғаларға сурет салдым. Бәрі содан басталды. Үйге кіреберісте галерея ұйымдастырып, салған суреттерімізді іліп қоятынмын.

- Қазір шығармашылық кезеңнің алаңына шықтыңыз. Жобадан не күтесіз?
— Мен өз шығармашылығымды адамдарға рахаттана отырып таныстырамын. Бұл көптеген шығармашыл адамдарға жағымды әсер етеді. Содан ойымызға жаңа идеялар келіп, достық шеңберіміз кеңейе түседі.- Болашақтағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз.
— Бірнеше галереямен бірлесіп, менің суреттеріммен жасалған жаңа коллекция құруды көздеп жүрмін. Білімімді шыңдап, шабыттану үшін Питерге тағы барып қайтатын шығармын. Алматылықтар! Сіздерге қуаныш пен сарқылмас күш тілеймін. Табиғат нұрланып, гүлдер өсіп, қаламыз әдеміленіп келеді. Адамдары да, тауы да әдемі. Одан басқа не керек?! Бейбітшілік тілеймін.



Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    787
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии