18 Декабрь
20:43
Астана: -18 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
23 ақпан 14:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Елімізде 2016 жылы жалға берілетін баспананың бағасы анықталды


Қазақстанда қолжетімді баспананы жалға беруді мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының үш операторы жүзеге асырады: "ТҮҚЖБ" АҚ (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) жалға берілетін пәтерлерді жас отбасыларға ұсынып отыр, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында әкімдікте баспана кезегінде тұрғандармен жұмыс істейді. Ал "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ тұрақты жалақы алатын, дегенмен баспанасы жоқ азаматтар үшін тұрғын үй салумен айналысып жатыр деп жазады Кn.kz басылымы.

2016 жылы Қазақстан ипотекалық компаниясы 326 мың шаршы метрді, оның ішінде "бірінші деңгейлі" қалалар үшін - 154 мың шаршы метрді, "екінші деңгейлі" қалалар үшін - 166 мың шаршы метрді, "үшінші деңгейлі" қалалар үшін 4 мың шаршы метрді жалға беруді жоспарлады. 2 мың шаршы метр елді мекендер үшін қарастырылды.

2016 жылы "Самұрық Қазынадан" сатып алуға болатын пәтерлерді жалға алу құны әрбір шаршы метр үшін 1611 теңгені құрайды. Осы бағыт бойынша пәтерлерді жалға беруді қор төлем төлеуге қабілетті азаматтар үшін қарастырып отыр. Дегенмен бұл бағдарлама арқылы баспаналы болғысы келетіндердің жылжымайтын мүлік нысаны болмау керек. Қор ұсынатын нысандар долларға тәуелсіз түрде теңгемен жалға беріледі.

2016 жылы қор жалға берілетін пәтердің шаршы метрін айына Астанада 1611 теңгеден, ал Қарағанды мен Өскеменде 1414 теңгеден беретін болады

 
нравится:    661
Теги: Главная, Жылжымайтын мүлік,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии