16 Август
23:26
Астана: 15 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
12 маусым 09:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Елімізде 2018 жылға қарай жұмыс істейтін адамдар саны азаюы мүмкін
Қазақстанда алдағы жылдары еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санының өсімі төмендейді, - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі



ҚР ДСӘДМ "Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-сараптама орталығы" АҚ мәліметінше, республика тұрғындарының болжалды санына сәйкес 2018 жылға дейінгі кезеңде еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санының өсімі алдыңғы жылдарға қарағанда едәуір төмен болады. Басты себеп ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда 1990 жылдары болған демографиялық құлдырау болып отыр.

"Ол кезде экономикада болған дағдарыстық көріністер 21 ғасырдың басына дейін туу көрсеткіштеріне кері әсерін тигізді. Сарапшылар соңғы жылдары еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар санының өсімі біртіндеп төмендеп келе жатқанын айтады. Мысалы, биылғы өсім - 0,2 пайыз, келесі жылы - 0,14 пайыз, 2017 жылы - 0,08 пайыз, ал 2018 жылы ең төмен көрсеткіш 0,03 пайыз болады", - делінген хабарламада.
 
нравится:    873
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии