27 Сентябрь
02:02
Астана: 0 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 339.68
EUR/KZT: 401.13
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
15 шілде 09:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Елімізде алғаш рет көне заманның ағаш күймесі табылды

 
Ертіс өңірінің археологтары олжалы болды. Қазу жұмыстары кезінде Павлодар іргесіндегі Долгое ауылының маңынан ат арба мен адам қаңқасы табылды.
 
Ғалымдар «Бұл жәдігерлер Қимақ дәуіріне, яғни 9-10 ғасырларға тиесілі» деп болжауда.  Қуантарлығы, көне қорым тоналмаған. Сол себепті ағаштан жасалған күйме тұтас күйінде сақталыпты.
 
Мұндай артефактілер қазақ жерінде бұрын-соңды кездеспеген.  Археологтар жәдігер сынып қалмас үшін арбаны топырағымен бірге қазып алып келген. Күйменің ұзындығы - екі метр, салмағы - 1 тонна шамасында.
 
Қазір бірегей жәдігерді зерттеу үшін Павлодарға Алматыдан танымал реставратор Қырым Алтынбеков бастаған бір топ маман келді.  Ғалымдардың айтуларынша, бұл олжа Қимақ қағанатының Ертіс өңірінде шоғырланғанын тағы бір айғақтайды. Сондықтан ғылыми құндылығы аса жоғары.
 
«Біз ат арбасын тапқан болатынбыз. Сол ат арба біздің дәуірімізде, біздің өңірімізде табылмаған. Соны міне, зерттеп, оны сақтап қалу үшін біз жаңа әдісті енгіздік. Блокпен алып келіп, оны зертханалық тұрғыдан зерттейтін боламыз. Бұл жәдігер Ертіс өңірінде емес, сонымен қатар Қазақстанда да табылмаған. Қазір оны біз рестовраторлармен зерттейтін боламыз», - дейді ғылыми қызметкер Талғат Айлыбаев.
 
ҚазАқпарат
нравится:    516
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии