14 Декабрь
12:03
Астана: -23 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Экономика
5 қаңтар 09:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Елімізде шетел валютасында ипотека беруге тыйым салынды
Тиісті заң жобасына енгізілген өзгерістер бойынша енді соңғы алты айда жалақысын теңгемен алғандарға несие тек ұлттық валютамен ғана берілмек.



Былтыр ипотекалық несиенің көлемі 1 триллион 33 миллиард теңгені құрады. Оның 150 млрд-ы, яғни 14 пайызы шетел валютасымен берілген. Бүгінде баспана мәселесі баршаны алаңдатады. Үй-күйсіз жүргендердің көбі қалтаның жұқалығынан пәтер жалдаса, бірі туысын жағалап жүр. Ал жалдамалы баспана әлегінен жалыққан азаматтар ипотека жолымен тұрғын үй алуда. Енді жеке тұлғаның соңғы алты айдағы кіріс көзі шетелдік валютада болмаса, банктер ипотекалық несиені АҚШ долларымен беруден бас тартады. Иман Әл-Кейси, ҚР Ұлттық банкінің басқарма басшысы: - Кезінде көптеген адамды шетел валютасында берілген несиенің төмен пайыздық мөлшерлемесі қызықтырды. Ал бүгін олар қарызын өтей алмай отыр. Өйткені экономикалық ахуал мүлде өзгерді. Біз ел азаматтарының құқығын қорғау мақсатында бұл жобаны қолға алдық. Егер сіздің кірісіңіз теңгемен болса, төлемдер де ұлттық валютада жасалуы тиіс. Былтыр ипотекалық несиенің көлемі 1 триллион 33 миллиард теңгені құрады. Оның 882 млрд-ы ұлттық, ал 150 млрд-ы, яғни 14 пайызы шетел валютасымен берілген. Экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов шетел валютасында берілетін несие көлемін біртіндеп азайтқан жөн болар еді деп отыр. Вячеслав Додонов, экономика ғылымдарының докторы: - Өте жылдам жүзеге асатын бастама өзінің кері әсерін көрсетуі мүмкін. Тіпті кез келген несие түрінің азаю қаупі бар. Қазіргі дағдарыс жағдайында бұл жайт ел экономикасына оң әсер етпейді. Себебі несие – экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі. Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы ипотека жолымен баспана алуды қиындата түседі. Вячеслав Додонов қазіргі экономикалық ахуалды ескере отырып, ел азаматтарын жауапкершілікке шақырады. Банктен алынған несие мөлшері қалтадағы қаражатқа сай болуы тиіс. Ал доллардың күрт шарықтауынан зардап шегіп, дәрменсіз жағдайға тап болған тұрғындарға мемлекет қолдау көрсетпекші. Ұлттық банк 2004-2009 жылдар аралығында берілген тұрғын үйлердің несиесін қайта қаржыландыру бағдарламасын әзірлеуде. Вячеслав Додонов, экономика ғылымдарының докторы: - Мемлекет тарапынан ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру – банктер үшін тиімді жоба. Проблемалық несиелер қатарының көп болуы банктің мәртебесіне, қаржылық көрсеткіштеріне кері әсер етеді. Ал жеке тұлғалар үшін бұл бағдарлама жылдық пайыздық мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ шетел валютасында алынған несиені теңгеге ауыстыруға мүмкіндік береді. Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бойынша 14 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 9 мыңы қолдау тапты. Айта кетейік, бағдарламаны жүзеге асыруға 130 млрд теңге бөлінді.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    606
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии