14 Декабрь
02:53
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Туризм
25 қараша 15:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Елімізде шетелде демалатын туристер саны 70 пайызға төмендеп кеткен
Теңгенің құнсыздануы туризм нарығына әсер етпей қоймады. Халық арасында шетелге шығуға деген сұраныс 60-70 пайызға азайған.



Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында Қазақстан туристiк қауымдастығы директорының орынбасары Шакира Әділбекова мәлімдеді.

«Бүгінде шетелге шығатын туристердің саны азайды. Туристердің көбі шетелге шықпай, экономикалық жағдайға байланысты осы өңірлерде қалып жатыр. 2013 жылдан бастап туристік компаниялар адамдардың шетелге шығуы туралы статистиканы өткізбейді. Сондықтан статистика жоқ. Бірақ сұраныс 60-70 пайызға азайды», – деді Шакира Әділбекова.

Бағдарламаның екінші қонағы «Аssyl Travel» турфирмасының директоры Жұпархан Жүйрікбаева да қазақстандықтардың шетелге шығуларын тоқтатқандықтарын айтты.

«Несиеге жолдама алушылардың саны күрт өсті деп айту қиын. 100 пайыздың ішінде тек 20 пайызы ғана алатын болар. Елдер шетелге баруды тоқтатты. Сондықтан несие де алынбайды. Тек ішкі туризм бойынша Алматының маңындағы демалы орындарына, Бурабайға, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Таразда ашылған мекемелерге барып жатқан кісілер бар», – деді Жұпархан Жүйрікбаева.

Қазақстан туристiк қауымдастығы директорының орынбасары отандастарымыз саяхатты жоспарлауда қай жерлерге таңдау басым екенін мәлімдеді.

«Былтырды алатын болсақ, шетелге шығу қартасы бойынша туристік бағыттар өте көп болатын. Биыл Мысырға сұраныс жоқ. Ол чартерлерді алып тастадық. Ал, қазір Гоаға және Тайландқа чартерлік бағдарлама бар. Осы екі бағдарламамен туристер демалуда. Аз көлемде Еуропаға аттанады. Десе де, елдер көбіне бағасына қарайды. Сондықтан чартерлік бағдарламамен шетелге шығады», – деді ол.


Дереккөз: Алматы ТВ
нравится:    801
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии