22 Август
17:17
Астана: 27 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
10 қараша 17:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Елімізде тағы бір ауқымды тарихи эпопея түсіріліп жатыр
Жамбыл облысында «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша алғаш рет ауқымды тарихи эпопея түсіріліп жатыр деп хабарлайды 24.kz сайты.



Жаңа жоба 12 бөлімнен тұрады. Туындыда ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың орта тұсына дейінгі кезеңдер көрініс табады. Мұнда бір отбасында өткен жағдай арқылы қазақ халқының нәубет жылдардағы тұрмыс-тіршілігі баяндалады. Сонымен қатар көп бөлімді фильм Абайдың қара сөздерімен байланыстырыла отырып түсірілуімен ерекшеленеді.

Авторлар бұл туындыда «Адам өзгере ме? Заман өзгере ме?» деген сұраққа жауап іздейді. Оқиға желісін Сержан Закірұлы мен Арман Ысқапұлы жазған. Мұнда ХІХ-ХХ ғасырлардағы шолақ белсенділердің әрекеті, тектілік пен сатқындық, тіпті махаббат сияқты сезімдер де көрініс табады. Ал басты рөлдердің бірін белгілі актер Дулыға Ақмолда сомдайды.

Дулыға Ақмолда, актер: 
- Бұл – болған оқиғаның желісімен жазылып отырған дүние. Бұл көрерменге соның барлығын көру, сараптау, біздің тарихымызбен жақын танысу үшін өте қажет. Дәл қазіргі тұста осы керек тақырып болып табылады.

Кинокартина шынайы болуы үшін режиссер Алатаудың бөктерінен бастап, арқаның сайын даласына дейін бармақ. Әсіресе тарихи орындар көптеп қамтылады. Қазір монтаждау жұмыстары қатар жүріп жатыр. Бұл туындының сапалы болуына ықпал етпек.

Мұрат Бидосов, режиссер: 
- Телехикая деп жатырмыз ғой. Мұның түсірілімі өзгеше. Бұл үлкен кино сияқты түсірілуде. Қазақ телевизиясында бұрын-соңды мұндай дүниелер болмаған. Енді «Хабар» телеарнасы осындай үлкен жобаны қолға алып, жұмыс істеуде.

Эпопеяда екі кезең салыстырмалы түрде қатар жүреді. Әр бөлім басында Абайдың қара сөздері оқылып, көпшілікке терең ой тастайды. 12 бөлімнің әрқайсысы 40 минут жалғасады. Жаңа жоба желтоқсан айында көрермендер назарына ұсынылмақ.
нравится:    694
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии