19 Август
13:13
Астана: 19 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
6 қыркүйек 09:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Елімізде Tilalemi.kz әмбебап порталының тұсаукесері өтті

Енді том-том кітап ақтарып әуре болмайсыз. Жер-су аттары, тіпті, қазақ тілінің ережесі электронды базада жинақталған. Елорданың Ұлттық академиялық кітапханасында Tilalemi.kz әмбебап порталының тұсаукесері өтті. Оған Аtau.kz, Еmle.kz және Termincom.kz атты үш сайт кіреді. Мәселен, Аtau.kz сайты ономастиканы қамтиды. Іздеу жолағына елді мекеннің атауын терсеңіз, республикада дәл сол атауда неше көше, қала бар екенін, тіпті, тарихтан факті келтіріп, қала атауының қашан өзгергенін көрсетеді. Termincom.kz сайты қазақ терминологиясын жүйелеудің жаңа талаптарын жүзеге асыруды көздейді. Ал Еmle.kz сайты – қазақ тілін үйренушілерге таптырмас көмекші құрал. Орфографиялық электронды база дұрыс әрі сауатты жазуға, тыныс белгілерін тілдік ережелерге сай қоюға үйретеді. Ербол Тілешов, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры: - Мұндағы негізгі мақсат – 2020 жылға дейінгі тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындау сонымен бірге мейлінше халыққа тілдік ахуалды, елімізде жинақталған тілдік қорды насихаттау, сонымен бірге әдістеме саласын жетілдіру. Үйлестіру орталығы болғаннан кейін басқа да орталықтармен, елімізде 90-ға жуық орталық бар, осының барлығы мәлімет береді, яғни еліміздегі тілдік ахуалды толық мониторинг жасауға интернет кеңістігінде мүмкіндік туады. 

24.kz
нравится:    628
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии