23 Август
10:18
Астана: 22 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
19 қыркүйек 11:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Елімізде түйе сүтінен алғаш рет ірімшік өндірілді


Атырау облысындағы шаруа қожалықтары түйе сүтінен шұбат қана емес, алдағы уақытта басқа да өнімдерді шығаруды көздеп отыр. Мұнайлы өлкенің табиғаты өзге түлікке қиындау болғанымен дәл осы ойсыл қара тұқымын өсіруге қолайлы. Сондықтан шаруалар да түйе санын көбейтіп, одан көл-көсір өнім алуды жоспарлауда.

Ал жаңа технологияларды өндіріске енгізу арқылы түйе сүтін тереңдетіп өңдеу ісін жолға қоймақ. Осы мақсатта арнайы ұйымдастырылған оқыту семинарына өңірдегі ірі түйе шаруашылықтарының өкілдері қатысты. Жыл он екі ай жайылымда жүретін, күн сайын су сұрамайтын ойсыл қара тұқымы шаруаларға көп ауыртпашылық салмайды. Дегенмен түйе өсіруге соңғы кездері ғана ден қойылып келеді. Бүгінге Атырау облысында 21 мың бастан астам түй бар екен, бірақ оның көпшілігі ауыл тұрғындарының қолында. Ал таза өндірістік бағытта «Бірінші мамыр» қожалығы ғана қазақтың қос өркешті асыл тұқымды 800 бас түйесін бағып отыр. Осы күнге дейін түйе жүнін, етін және шұбатын тұтынушыларға ұсынып келді. Ендігі кезекте жаңа технологиялардың көмегіне жүгінсек дейді. Аманжол Есқариев, шаруа қожалығының жетекшісі: — Тек түйені бағу емес қазір содан өнім өндіру жөнінде де мына әсіресе шұбат өнімдерін, шұбаттан басқа көп жерлерде түйе сүтінен йогурт шығарып жатыр, сыр жасап жатыр немесе балмұздақ жасап жатыр деген сияқты түрлі-түрлі өнімдер жасалып жатыр. Аймақ түйешілерінің басын қосқан ғылыми семинарға отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. Мәселен франциялық ғалым, сарапшы Бернард Файе 40 жылдан бері осы түйелердің қасиетін зерттеп келеді. Оның айтуынша Еуропа елдерінде соңғы жылдары түйе өнімдеріне сұраныс артқан. Түйе жүнінен тоқылатын киім-кешек, оның диеталық еті, емдік қасиеті мол шұбаты еуропалықтар үшін экзотикалық ас. Сондықтан Қазақстан экспортқа тауар жіберуіне толық мүмкіндік бар. Бастысы өңдеу сапасын арттыру қажет. Бернард Файе, БҰҰ ауыл шаруашылығын дамыту ұйымының сарапшысы: — Түйе шаруашылығы өнімдерін дамытуға қатысты нақты ортақ шешімдер әлі күнге жоқ. Сондықтан түйе көптеп өсірілетін барлық елдердегі ғасырлар бойы қалыптасқан әдісті тың ғылыми жобалар арқылы жаңа технологиялармен өңдеу тәсілін енгізуіміз қажет. Ғалымдар мен шаруалардың басқосуы соңынан тың жаңалық та ашылып қалды. Қазақстандық ғалым, сарапшы Гаухар Қоныспаева түйе сүтінен тек шұбат қана емес ірімшік өндіруге де болатындығын дәлелдеп берді. Сонымен қатар өңірдегі түйе сүтінің де сапасы өте жоғары екендігі айқындалды. Гаухар Қоныспаева, түйе өнімдері бойынша сарапшы: — Арнайы дайындалған қоспалардың осы шаруашылықтағы түйе сүтімен дәл осындай сәйкес келгеніне өзім де алғаш рет куә болып отырмын. Міне түйе сүтінен жасалған алғашқы ірімшік өнімі. Бұл біз үшін ғана емес бүкіл әлем үшін үлкен жаңалық. Мынадай жаңалыққа өз көздерімен куә болған жергілікті шаруалар бірден өңдеу технологиясы және арнайы сертификат алу жөнінде ғалымдармен кеңесе бастады. Өйткені бизнес тілімен айтсақ, шығын аздау болғандықтан өзіндік құны арзан әрі майлылығы жағынан жоғары басымдыққа ие болатын ірімшік өнімі бірде-бір бәсекелесті алдына шығармайтыны анық.



Дереккөзі: 24.kz
нравится:    750
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии