19 Февраль
00:22
Астана: -25 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 319.42
EUR/KZT: 400.04
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.35
Мәдениет
23 желтоқсан 18:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еліміздегі беделді радио Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады
Еліміздегі беделді радиолардың бірі "OrdaFM" сахнада тұрып, залдағы қарияға аузына келгенді айтып, концертінен қуған Төреғали Төреәлінің барлық әндерін раидодан алып тастады деп хабарлайды  NUR.KZ.


"OrdaFM" радиосының жетекшісі ретінде, кеше желіде тараған әнші Төреғали Төреәлінің сахнада көрсеткен "өнерінен" соң, біз радио ұжымы болып әншінің барлық әндерінің эфирден алынып тасталғанын хабарлаймын! Сахнадағы өрескел қылығы үшін концертке келген көрермендерден кешірім сұрауын талап етеміз!",- деп жазды радио жетекшісі Азамат Исаев желідегі парақшасында.

Танымал әншілерден Меруерт Түсіпбаева қарсылығын әлеуметтік желіде жазған еді. Артынша "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов Төреғалиға халықтан кешірім сұрауды айтты.

"Ақылың бар жігітсің ғой, Төреш! Елден безіп қайда барасың? Кешірім сұрап, ел алдына шық! Шашпен сырғаны жыр ғып жүргенде, қате болыпты мұның. Концертте ел тұрып кетпегеніне қарағанда, сол залдағылар сені түсінген ғой. Қатең болса мойындап, анық - қанығын айт! Кешірімді xалықпыз, түсінер сені",- деп жазды ол Instagram парақшасында.

Сондай-ақ шоу-бизнес саласында жүрген продюсер Зарина Мүсілім: "Бұттарына тырысқан шалбар киіп, құлақтарына сырға тақты" деп жас жігіттерді сынаған ағалардың Төреғалиға келгенде үндемей отырғанына қынжылды.

"Баяғыда бір топты сәнді джинси кигені үшін: "Бұттары түскен шалбар кигені несі?" деп сынаған еді ағалар. Былтыр бір топпен имидж үшін бір сахнада өнер көрсетуден бас тартып еді. Неге сахнада боқтық айтып тұрған әншіге қарсы ешқайсысы ештеңе жазбай жатыр? Журналистерді ренжіткенде үндемеді ешкім. "Әр қазақ менің жалғызым!"- деп жүргендер залдағы мың қазаққа түкірді?",- деп ашынды Зарина.

Еске салсақ, Төреғали Төреәлі Павлодарда өткен ән кешінде өзінен суретке түсе бермей, ән айтуды талап еткен қарияны залдап қуып жіберген еді.
нравится:    474
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии