16 Декабрь
13:09
Астана: -16 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Спорт
23 сәуір 09:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еліміздің әскери қызметкері Олимпиадалық ойындарға жолдама ұтып алды
ҚР Қорғаныс министрлігі Армияның орталық спорт клубының келісім-шарты бойынша әскери қызметкер Михаил Красилов Австрияның Вена қаласында өткен жеңіл атлетикадан «Vienna City Marathon» халықаралық марафонына қатысып, олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. Біздің құрама команданың атынан 30 жеңіл атлетші спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.


"Қазір Михаил Красилов белсенді жаттығу үстінде, себебі ол алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада кезінде міндетті түрде жүлделі орын иеленуді жоспарлап отыр, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) таэквондо бойынша қазақстандық Қарулы Күштердің командасымен оқу-жаттығу жиыны жалғасуда. Біздің спортшылар Оңтүстік Корея Қарулы Күштерінің құрама командасымен бірге жаттығу жүргізеді.
«Осындай бірлескен оқу-жаттығулар Қазақстан мен Оңтүстік Корея спортшылары үшін тиімді. Осы орайда жинақталған тәжірибе алдағы уақытта біздің спортшыларымыздың республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда сәтті нәтиже көрсетуіне ықпал етеді», - деп атап өтті ҚР ҚМ АОСК аға жаттықтырушы – таэквондо бойынша топ бастығы капитан Әнуар Үсенов.
Спорт қазақстандық жауынгерлердің әскери қызметінің ажырамас бөлігі болып саналады. Біздің армияның спортшылары әлемдік ауқымдағы жарыстарда еліміздің Қарулы Күштерінің атынан шығып, ұдайы жоғарғы нәтижелі көрсеткіштермен көзге түсіп жүр.
 
нравится:    661
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии