|    |  
18 қараша 2018
21:30
қаз
​Элизабет Тұрсынбаева Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан чемпионы атанды
25 желтоқсан, 15:01 917

Қызылордада Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан чемпионаты мәресіне жетті. Бұл жолы сайысқа еліміздің 6 аймағынан спортшылар қатысты.  Мұз айдыны сарайында Қазақстанның айтулы 65 фигурисі өнер көрсетті. Ерлер арасындағы сайыста алтын медальға 16 жастағы алматылық Данияр Әділов қол жеткізді. «Күміс» пен «қоланы» оның жерлестері Артур Панихин мен Андрей Лебедев ұтты. Ал қыздар арасында жалғыз сырғанаудан қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева жанкүйерлерінің үмітін тағы бір рет абыроймен ақтап шықты. Ол ерікті бағдарламаны орындау кезінде Барбара Стрейзандтың Papa Can You Hear Me композициясының сүйемелдеуімен сырғанап, көрерменді өнерімен тәнті етті. Сөйтіп, Элизабет чемпионаттың алтын медалін мойнына тақты. Екінші орынды алматылық Айза Мамбекова иеленіп, Астана қаласынан барған Алина Сыдықова қоладан жүлдені алды, деп хабарлайды Sports.kz.

24.kz
Жаңалықтар