11 Декабрь
07:56
Астана: -13 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Авто
16 қараша 10:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Елордада «Автоледи-2015» байқауы өтті

Көлік жүргізуші көпшілік қыз-келіншектердің біліктілігі қандай? Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Автоледи» атты ерекше байқау өткізді. Онда нәзік жандылар өзара додаға түсіп, түрлі сынақтан өтті. Кешегі атқа мінген Қыз Жібек пен Ақжүністер бүгінде темір тұлпар тізгіндеген. Қазақстандағы әрбір бесінші жүргізуші бұрымдылар өкілі болып шықты. Көлік жүргізуші қыз-келіншектердің біліктілігіне ерлер қауымы күмәнмен қарайытыны жасырын емес. Бүгін қатқан қағиданы бұзуға бел буған астаналық арулар өзара сайысқа түсті. О баста «Автоледи» додасына қатысуға 20 өтініш түскен. Түрлі себеппен тек алтауы ғана келген. Конкурс үш кезеңмен өтті. Әріптесіміз Дариға Ташенова да байқауда бағын сынады. Дариға Ташенова, журналист: - Әйел адамдар да жақсы жүргізе алады. Керісінше, әйел адамдар ережені бұзбайды деп айта аламын. Сондықтан осындай байқаудың өткізілуі оның айқын дәлелі деп есептеймін. Біріншісінде арулар өзі мен көлігін таныстырды, екінші кезеңде жол ережесіне байланысты сұрақтарға жауап берді. Мүдіргендері жоқ. Бұл сыннан бәрі де сүрінбей өтті. Ал соңғы байқауда көлікпен жүру шеберліктерін көрсетті. Лариса Красникова, ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы: - Биылдыққа мұндай байқауды екінші рет өткізіп отырмыз. Біріншісі 8 наурызда «Автомама» деген атпен ұйымдастырылған. Шараның мақсаты – жол көлік апаттарын азайту. Жол ережесін білетін жүргізушілер көбейсе, көлік қақтығыстары да азаяр еді. Жеңімпазды анықтайтын сәт те жетті. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша, бас жүлде Рабиға Түгелбаеваға бұйырды. Көлігін «Крошка» деп еркелететін келіншек бертінде ғана бас қалаға Ақтаудан қоныс аударған. Темір тұлпарды тізігіндегеніне 14 жыл болған. Қалған арулар да байқаудан құр қол қайтпады. Бастысы, жол ережесін кезекті рет пысықтады.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    556
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии