25 Сентябрь
06:37
Астана: -8 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Мәдениет
13 шілде 15:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Елордада балауыздан жасалған тарихи тұлғалар бас қосты (ФОТО)



Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында мультфильмдердің кейіпкерлері, актерлардың, тарихи тұлғалардың балауыздан жасалған мүсіндері көпшілік назарына ұсынылады. Көрмеге санкт-петербургтік балауыз портрет шеберлері дайындаған 40-қа жуық фигура қойылады.


Келушілер ресейлік шоу-бизнес жұлдыздарын, танымал футболшы Пеле, әйгілі боксшы Майк Тайсонның мүсіндерін тамашалайды. Көрмеде «Ұлттық аң және балық аулау», «Жұлдыздар соғысы», «Аватар», «Кариб теңізінің қарақшылары», «Сақиналар әміршісі», «Гарри Поттер» және т.б. фильмдердің кейіпкерлерін де көруге болады.


Экспонатты дайындау үшін оның күрделілігіне қарай жарты жылдан бір жылға дейін уақыт кетеді. Мүсіндер балауыз бен қазіргі заманғы материал – силиконнан, ал көздері нағыз көз протездерінен жасалады.

- Біз 40 экспонат әкелдік. Кейіпкерлер қызық, жастарға үлгі боларлықтай. Көрме бәріне де ұнайды. Әр фигурамен 15-ке жуық маман жұмыс істейді. Алдымен мүсінші, ол фигураны түпнұсқасына ұқсатып жасауға және барлық антропологиялық белгілерін сақтауға тырысады, оны түпнұсқаға барынша ұқсатады, бойын, сырт келбетін, т.с.с., - дейді Санкт-Петербург қаласының балауыз мүсіндер көрмесінің әкімшісі Раиса Путилина.

Фигураларды Санкт-Петербургтен Астанаға жеткізу оңай болды. Экспонаттар құрастырмалы, бастары мен қолдары мұқият буып-түйіледі, денелері пластиктен әзірленеді.

Айта кетейік, қазақстандық суретші, мүсінші Айдос Есмағамбетовтың да үш туындысы көрмеге шығарылды. Өнер иесі Нұрсұлтан Назарбаевтың, Барак Обаманың және Абылай ханның мүсінін жасаған.





Бейбітшілік және келісім сарайы директорының орынбасары Айдархан Әділбаевтың айтуынша, елордада балауыз мүсіндер музейін ашу жоспарда бар. Осы мақсатта қытайлық зауыттарға арнайы іссапар ұйымдастырылды, бұл мүсіндерді дайындау техникасымен танысуға мүмкіндік берді. 



Анджелина Джоли


Памела Андерсон



Бред Питт



әйгілі футболшы Пеле



боксер Майк Тайсон



"Национальная охота и рыбалка" фильмінің кейіпкерлері



"Аватар"



"Кариб теңізінің қарақшылары"



"Сақиналар әміршісі"


Балауыз мүсіндер көрмесі шілденің 13-нен тамыздың 21-не дейін күн сайын сағат 10.00-ден кешкі 20.00 дейін жұмыс істейді.



Дереккөзі: http://astana.gov.kz
нравится:    781
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии