23 Август
17:59
Астана: 28 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
28 шілде 18:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Елордада экстремистік деп танылған діни әдебиеттер анықталды


Астанада бірнеше діни басылым экстремистік деп танылды. Сот шешімі бойынша, «Лайықты жауаптар», «Орталық Азия мен Қазақстанның масихшілік тарихы» атты бірқатар кітаптарды енді ел аумағына кіргізуге және таратуға тиым салынады. 
Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Тергеу нәтижесінде анықталғандай, бұл басылымдар еліміздегі жеке баспаларда шығарылған. Елімізде таратылатын кез-келген діни әдебиет арнайы сараптамадан өтеді. Мазмұны сараланып, бағыты анықталады. Жыл басынан бері мамандар күдік туыдырған 6 басылымға зерттеу жүргізді. Нәтижесінде бұл кітаптар экстремистік деп танылды. Бүгін Астана қаласының Сарыарқа ауданының әкімдігі түрлі дін ағымдары өкілдерінің басын қосып, “жарамсыз” деп танылған басылымдардың тізімімен таныстырды.

– “Бұл жеке баспаларда шығарылған кітаптар. Біреуі 2006 жылы, екіншісі 2007 жылы, кейбірі тіпті 1988 жылы шығарылған, кейін қайта басылған. Яғни, бұл басылымдар елімізде діни әдебиеттерге сараптама жүргізуді міндеттейтін заң шығарылғанға дейін басылып шыққан. Бұған дейін тексерілмеуінің себебі де осы”, – дейді Астана қаласы бойынша дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілі Галина Новикова.

Жеке кітапханаңызда, «Лайықты жауаптар», «Орталық Азия мен Қазақстанның масихшілік тарихы», «Орталық азия мен Қазақстандағы христиан дінінің тарихы» атты кітаптар болса, тезірек көзін құртуға тырысыңыз. Мамандар осылай деп кеңес береді. Өйткені, заңда көрсетілгендей тыйым салынған басылымдарды ел аумағына кіргізіп таратқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тергеу нәтижесінде анықталғандай, бұл басылымдар жеке баспаларда шығарылған. Сондықтан нақты тиражы белгісіз. Ал Астанада тәркіленген кітаптардың барлығы жойылды.


Дереккөзі: http://24.kz
нравится:    741
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии