22 Ноябрь
03:20
Астана: -11 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Мәдениет
13 мамыр 16:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Элтон Джонның әкесі ұлының концертіне бір ретте бармаған
Элтон Джон ұзақ жылдардан бері өзінің анасы Шейламен араласпайды. The Times басылымына танымал әнші өзінің тағы да бір отбасылық драмасы туралы айтты. Әнші өзінің туған әкесінің ешқашанда баласының концертіне бір ретте болсын келмегендігін айтты. Элтонның әкесі Стэнли Дуайт екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұшқыш болған.


 
«Менің әкем менің дарыныма, өнердегі жетістіктеріме ешқашанда көңіл аударған емес және мен оны не үшін осылай болғандығын түсінбеймін. Мүмкін оған гомофобия, қорқыныш себеп болды ма? Бұл менің өмірімдегі ең орны толмас өкініш, қалай болған да ол менің әкем ғой...» дейді Элтон.

Атақты музыкант 3 жасынан бастап фортепианада ойнады, 11 жасында Королдік консерваторияның арнайы стипендиясын жеңіп алды. «Стэнлин өзінің баласының өнеріне ешқашан қызығушылық танытқан жоқ. Бұл оның балаларды жақсы көрмейді деген сөз емес. Ол менің анаммен ажырасқаннан кейін, басқа отбасын құрды. Одан туған үш балаға керемет әке бола білді, бірақ маған емес...»

Элтон өзінің анасы Шейламен де жақсы қарым-қатынаста емес. Шейланың Daily Mail басылымына берген сұхбатында «Барлығы ақымақтықтан орын алды. Ол маған өзінің досы Дэвид Фернишке үйленетіндігін айтты. Мен оған қарсылық білдірдім. Элтон бұған қатты ашуланып кетіп қалды, содан бері хабарласпайды» деп айтқан.
Осыдай келіспеушіліктерге қарамастан, Элтон анасының барлық салықтары мен шығындарын төлеп келеді.

Дереккөзі: dni.ru

 
 
нравится:    740
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии