15 Декабрь
14:23
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
16 қараша 09:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Емі жоқ жаңа вирус пайда болды
Солтүстік Каролина университетінің қызметкерлері қауіпті вирус жайлы мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, әлемге жаңа емі жоқ SHC014-CoV вирусы қауіп төндіруде.



Ол өкпені зақымдап, пневмония тудыруы мүмкін. Инфекция көзі - жарқанаттар болып табылады. Бүгінде вирусқа қарсы бірде-бір вакцина, арнайы дәрі жоқ. Бұл туралы meddaily.ru. жазады. Зерттеу көрсеткендей, вирустың сыртқы әсерге орнықтылығы жоғары болғандықтан вакцина әзірлеу қиынға соғуда. Қазір ғалымдар вирустың адамнан адамға жұғу мүмкіндігін зерттеуде. Әзірге бұл вирус коронавируске жататыны ғана белгілі, деп мәлімдеді «VistaNews».
Еске салсақ, өлімге әкелетін коронавирус түрінің бірі  - SARS (мөлшерден ауытқитын пневмония)  Қытайда 2002 жылы пайда болған. Ол кезде 8000 адам дәрігер көмегіне жүгінген. 800-і аурудың асқынуынан қаза тапқан. Оны әзірленген вакцина көмегімен ғана тоқтату мүмкін болған. Жаңа  вирусты өлім-жітімге әкелетіні жағынан SARS-мен салыстыруға болады.

Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    756
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии