23 Октябрь
17:23
Астана: 11 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
27 қыркүйек 11:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​ Емін-еркін жүрген «адам жегіштер» полицейлердің өзін шошытты
Жексенбі күні манчестерлік полицейлерге бет-аузы қанға боялған қылмыскерлердің емін-еркін жүргені туралы жедел қоңырау келіп түскен. «Адам жегіштерді» көргенде оқиға орнына дереу жеткен құқық қорғаушылардың жүрегі тоқтап қала жаздапты.



Құдай оңдағанда әлгі «қылмыскерлер» ешқандайда адам жегіштер емес, түсірілімнен қайтып келе жатқан зомби кейпіндегі актерлер болып шыққан. Ұзақ түсірілімнен шаршап шыққан Лоу (Lowe) мен Холдэн (Holden) асығыс жолға шығып, бетіндегі гримдерін де сүртіп үлгермеген көрінеді.
 
«Бұл шынында біздің атымыз шыққан, атаққа іліккен сәтіміз болды. Біз 40 жыл бойы барабанда ойнап келеміз, бірақ бірде-бір рет атымыз газетке шыққан емес. Қазір зомби костюміндегі суретіміз бүкіл ғаламторды шарлап кетті. Біз ештеңе ойламастан машинаға отырдық. Тіпті біз туралы хабарды кім бергенін де білмейміз. Бізді полиция көлігі тоқтатты. Терезені ашқанда әуелде тіксініп, кейін таң-тамаша болған полиция қызметкері күлкіге қарық болды. Содан кейін дәлел үшін суретке түсіріп алды»-дейді актерлер.
 
Дереккөз: theguardian.com
нравится:    1331
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии