27 Май
16:08
Астана: 3 °C
Алматы: 31 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Кербез
15 мамыр 17:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Емшектегі бала салмақты аз жинаса не істеу қажет
Ескіні ұстанатын дәрігерлер мұндай жағдайда баланы арнайы қоспамен тамақтандыру қажет екенін алға тартатыны белгілі. Заманауи дәрігерлер сіздің баланы емізу стиліңізге де ерекше мән береді, негізгі себепті барынша табуға тырысып бағады.



Ең алдымен баланың бір жасқа дейін салмақ жинау мөлшерін белгілеп алайық, бұл әрине қолдан тамақтандыратын балаларға арналған өлшем екенін ұмытпаған жөн.
Емшектегі сәбилерге де осы мөлшерді ұстануға әбден болады, тек қана баланың жалпы жағдайына көңіл бөлген абзал.
  • Бастапқы үш-төрт айда бала ай сайын 600-900 г мөлшерде салмақ қосып тұрады;
  • Төрт-алты айындағы салмақ қосу мөлшері – 400 ден 600 г аралығында;
  • Алты-тоғыз айында – 300 ден 500 г-ға дейін;
  • Тоғыз-он екі айда – 100 – 300 г шамасында.
Тек қана емшек еметін бала бұл нормадан ауытқып, не көп, не аз салмақ қосуы мүмкін. Егер балаңыз жай өсіп жатса, салмақты мүлде қоспай жатса, оның терісіне, аяқ-қолындағы қатпарларға көңіл аударған абзал. Егер баланың терісі құрғақ әрі әжімді болса, оған шынымен де тамақ жетпей жүргені. Сондай-ақ оның дымқыл жөргектерін де тексерген дұрыс. Сәби күн сайын 12-14 рет кіші дәретке баруы тиіс және дәреті түссіз, иіссіз болуы керек.
Баланың өзін-өзі ұстауына қарап, оның қарны ашып отыр ма, оны білу өте қиын. Бала қарны ашса жылауы мүмкін, ал енді бірі қарны ашса да ұйықтап жата беруі мүмкін. Салмақтың жетіспеушілігі қандай да бір аурудан, мәселен жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, гельминттармен зақымдану, тағы да басқалардан хабар беруі де ықтимал. Сондықтан салмақ қоспаумен бірге жүретін белгілерге де ерекше назар аударған жөн.
Егер дымқыл жөргектерді тексеріп, дәрігерге баланы көрсетіп, сүттің жетіспейтіндігін байқасаңыз, дүкенге бірден қоспа сүт сатып алуға жүгірудің еш қажеті жоқ. Басында емшекпен емізуде мән берілетін мына бір сауалдарға жауап іздеп көріңіз:
1. Сіз өз сәбиіңізді қаншалықты жиі емізесіз? Сіз әр үш сағат сайын бала емізсеңіз, сүтіңіздің құнары кемуі мүмкін де, соның әсерінен бала тоймауы да мүмкін, бұл әрине баланың салмақ жинауына әсер ететіні ықтимал.
2. Кеудеңізге баланы қанша уақыт тосып отырасыз? Әлжуаз баланың емшекті соруға әлі де жетпеуі мүмкін, сондықтан ол арғы жағындағы сүтті сорып өздігінен іше алмай қалатыны анық. Емізген кезде бала емшекті аузына салып қойып ұйықтай ма, сүтті жұта ма, оны да бақылаған абзал. Ол омыраудың сүтін тауысқанша ояу болғанын қадағалаңыз. Ал екінші омырауды бала тоймаған кезде ғана берген абзал. Мұндай кездері бала қызғанышпен емшектен айырылмайды, оны итереді, тартылады, шалқаяды, жылайды.
3. Емшектен басқа балаға бөтелкедегі суды бересіз бе, болмаса жай ғана сорғышты? Сорғыштың кесірінен баланың емшекті емуі бұзылуы мүмкін, нәтижесінде бала дұрыс еме алмай, анасының сүті қайтып кетуі мүмкін.
4. Балаңызды түнде емізесіз бе? Сүт қоспаға қарағанда тез қорытылады, сондықтан баланың түнімен ұйықтауы міндетті емес. Егер бала түнде ұйықтамаса, әр үш сағат сайын оны оятып, емізіп тұрған абзал, бұл баланың қарнының ашуына жол бермейді және лактацияны сақтайды.
5. Сіздің сүтіңіз жақсы шыға ма, оны да тексерген абзал. Сәби сүт толы омырауды тез босата ма, сүттің келгенін сезесіз бе? Мүмкін сізде лактациялық дағдарыс орын алған болар немесе ашуландыңыз, соның салдарынан сүтіңіздің қайтып кетуі, тіптен болмаса дұрыс тамақтанбауыңыз да әсер етуі мүмкін. Диета ұстану немесе аш жүру қазір сіз үшін дұрыс емес, мұны түсінгеніңіз абзал және құрамында дәрумендері бар нәрлі тағамдарды жегеніңіз дұрыс. Лактацияны жақсарту үшін сұйықтықты күні бойы көп ішу керек. Емізгенге дейін және кейін сүтті шай, лактацияны көбейтуге арналған шөп қосылған шай, жаңғақ сүтін (сүтте грек жаңғағын салып қойып қою) ішуге кеңес беріледі. Сонымен қатар лактацияны жоғарылататын дәрумендер мен дәрілер де кездеседі, олардың қатарында «Апитак» та бар. Лактация кезінде көбірек демалып, бос ренжімеу қажет, баламен бірге ұйықтап, қажет кезде емшекті тосқан дұрыс.
Егер бірнеше күн сіз осы айтқандарды орындасаңыз да, лактацияның жақсаруы мүмкін болмаса, есесіне бала салмақ қоспаса, қоспа беру туралы шешім қабылдайсыз. Бастапқы кезде қоспаның 150-200 грамын беру ұсынылады, мұнымен бірге лактацияны реттеуге талпыну керек. Егер баланың салмақ қосуы байқала бастаса және ол тәулігіне 14 жөргек ауыстыратындай халге жетсе, қосымша тамақтың деңгейін сәл төмендетуге болады. Ал егер бұл берген қоспаңызға да бала тоймаса, қоспаның мөлшерін бұдан да көп қылып жоғарылатуыңызға әдбен болады, алайда бала емшектен мүлде бас тартуы немесе сіздің сүтіңіз қайтып кетуі әбден мүмкін.


http://vospitaj.com
нравится:    59
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии